avatar
СЕНАТ
@senate_kz
24.04.2026 17:09
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті елордада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша кассациялық соттардың қызметі мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді. Шараға Сенат депутаттары, Жоғарғы Сот Төрағасы, кассациялық соттардың басшылығы, Сот әкімшілігі, Бас прокуратура мен сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров дербес кассациялық соттарды құру әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев отырыс барысында сот реформасының нәтижелері туралы баяндап, кассациялық өндірістің жаңа үлгісінің тиімділігіне тоқталды. Қатысушылар сот қателіктерін азайту, құқық қолдану сапасын арттыру және бірыңғай құқықтық тәжірибе қалыптастыру мәселелерін талқылады.

@senate_kz
331

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

СЕНАТ

4K
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram*: https://instagram*.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram