Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін толық іске асыру үшін бірыңғай ұлттық стратегия қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, ел Еуразиядағы көлік-логистикалық хабқа айналуы тиіс.
Осыған байланысты Парламент Сенатында еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті. Іс-шарада көлік-логистика саясатын жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту және транзиттік үдерістерді цифрландыру мәселелері қаралды.
Тыңдауға Нұрлан Сауранбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Қазақстан темір жолы» мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компанияларының басшылығы, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
@senate_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram