Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысы өтіп, есірткі айналымына қарсы заңның орындалуы талқыланды.
Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров есірткіге қатысты жағдайдың әлі де күрделі екенін атап өтіп, бұл бағытта жүйелі әрі алдын алу шараларын күшейту қажет екенін айтты.
Жиында синтетикалық есірткінің цифрлық платформалар арқылы таралуы, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және жастар арасындағы профилактиканы арттыру мәселелері көтерілді. Қатысушылар құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру мен заманауи құралдарды енгізудің маңызын атап өтті.
@senate_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram