avatar
СЕНАТ
@senate_kz
23.04.2026 12:45
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, сенаторлар бірқатар заңды қарап, депутаттық сауалдар жолдады.

Депутаттар Халықаралық Валюта Қорымен өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты меморандумды ратификациялады. Құжат экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруға және елдің институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісім мақұлданып, бұл қадам қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.

@senate_kz
357

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

СЕНАТ

4K
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram*: https://instagram*.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram