Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев парламенттік дипломатияның климаттық сын-қатерлерді еңсерудегі рөлі жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған экологиялық жобалар, соның ішінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы орнықты дамуды ілгерілетуде маңызды рөл атқарып келеді.
Осы тақырып аясында Сенатта RES-2026 өңірлік экологиялық саммиті шеңберінде дөңгелек үстел өтті. Жиында климат, су ресурстары және экологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, өңірлік ынтымақтастықты күшейту қажеттігі айтылды.
Қатысушылар экологиялық сын-қатерлерге қарсы бірлескен әрекеттерді күшейту, заңнамалық қолдау мен парламенттік дипломатияны дамыту арқылы нақты шешімдер қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
@senate_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram