Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірген күдікті елге қайтарылды
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан азаматын Грузиядан елге экстрадициялады.
Күдікті компания басшысы бола отырып, алдын ала сөз байласу арқылы мемлекеттік сатып алу талаптарын айналып өтіп, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықты жалға алуға заңсыз келісім жасаған.
Соның салдарынан «Транстелеком» АҚ арқылы мемлекетке 4 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.
Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Заң бойынша оған мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
❤7
1 992
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram