Еліміздің былғары қолғап шеберлері Азия рингінде тағы да өз деңгейін дәлелдеді
Моңғолия астанасы Ұланбатырда ересектер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда.
Әйелдер арасында аса ауыр салмақта сынға түскен Дина Исламбекова финалда үндістандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. Ал 80 келіде өнер көрсеткен Надежда Рябец өзбекстандық боксшыны жеңіп, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальді салды.
Бақыт Сейдіш Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз финалда Үндістан өкіліне жеңілді. Валентина Халзова мен Айгерім Сәттібаева қола медаль еншіледі.
Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы медаль кестесінде 2-орын алса, Үндістан боксшылары 1-орында.
👍13
❤3
❤🔥1
🔥1
1 1.1K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram