avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
09.04.2026 12:41
Қостанайда 3 млрд теңге субсидия қаражатын жымқырғандар сотталды

Күдіктілер жалған құжаттар арқылы ірі қара мал сатып алу мен өңдеу бойынша субсидияларды заңсыз алған. Қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, кейін қайтадан жалған операциялар арқылы айналымға енгізілген.

Нәтижесінде мемлекетке 3 млрд теңгеден астам залал келтірілді. Тергеу барысында күдіктілер 107 млн теңгеден астам қаржыны ерікті түрде өтеген.

Сот үкімімен ұйымдастырушы 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық топтың 14 мүшесіне 6 жылдан 10 жылға дейін жаза тағайындалды.

Сондай-ақ жалпы құны 3 млрд теңгеден асатын мүлік тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
🤯 5
2 1.2K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Qazaqstan.tv

44.3K
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Открыть в Telegram