Абай облысында қаңғыбас иттер балаға шабуыл жасады
Семейде соңғы бір аптада тұрғындардың өтінішімен 33 қараусыз жануар ұсталған. Оның 30-ы ит, 3-уі мысық. Қалада бұл бағытта екі арнайы топ жұмыс істеп жатыр.
Соңғы оқиғалардың бірінде 9 жастағы қызға төрт ит тап беріп, жарақаттаған. Оқиға куәгерлері көмекке келіп, иттерді қуып жіберген. Бала ауруханаға жеткізілді, жағдайы тұрақты, бірақ күйзеліс алған.
Зардап шеккен баланың анасы қаңғыбас иттердің бақылаусыз жүргеніне алаңдаулы. Оның айтуынша, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жануарларды жою емес, стерилизациялау қажет.
❤5
2 1.2K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram