avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
08.04.2026 23:02
☔️Жаңбыр, бұршақ, жел мен көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» болжамынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

��9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ және екпінді жел мен қатты жаңбыр күтіледі.

��Түнгі уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын түсуі ықтимал. 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін.

��Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

☁️Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді.
🥴 4
3
2 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Qazaqstan.tv

44.3K
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Открыть в Telegram