Енді психологтар мемлекеттік тізілімге тіркелуге міндеттеледі
Мәжіліс психологтардың біліміне, қайта даярлауға және біліктілігін растауға қойылатын талаптар белгіленетін заң жобасын мақұлдады. Енді олар міндетті түрде мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс. Сондай-ақ кәсіби даярлық пен қайта даярлау талаптары жүйеленіп, кемінде бес жылда бір рет біліктілікті арттыру міндеті қарастырылған.
Заң жобасында психологтардың құзыреттері мен қызмет мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайтын кәсіби стандартқа қатысты нормалар енгізілген.
Сонымен қатар құжатта психологтардың құқықтары мен міндеттері бекітіліп, психологиялық көмек алушылардың құқықтары да айқындалған.
❤7
3 1.3K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram