⚽️Ұлттық банк FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады
Ұлттық банк «Спорт» сериясынан FIFA World Cup 2026 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
��Монетаның реверсінде финалдық ойындарды қабылдайтын Канада, АҚШ және Мексика елдерінің жалаулары бейнеленген. Ортасында жер шарының континенттері мен «FIFA WORLD CUP 26 TM» жазуы, төменгі бөлігінде FIFA Әлем кубогы орналасқан. Композицияның екі жағында футболшылардың бейнесін көруге болады.
Монета 925 сынамалы күмістен дайындалып, алтын жалатылған. Салмағы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм, сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге. Жалпы таралымы – 2000 дана. Оның 1500 данасы ішкі нарыққа, 500 данасы сыртқы нарыққа шығарылады.
❤10
🔥1
4 1.6K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram