avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
07.04.2026 09:31
Елімізде заңсыз дәрі саудасына қатысы бар 73 кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылды

Заңсыз дәрі саудасына байланысты мыңнан астам медициналық мекеме және 300 кәсіпорын тексерілді. Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалып, дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс тіркелді. 500 мыңнан астам дәрі және 1,5 мың тонна прекурсордың айналымы шектелген. Сондай-ақ 73 кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан айтты.

«Алматыда рецептісіз дәрі сатқан төрт дәріхананың фармацевттеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Ақтөбеде ірі фармацевтикалық мекемеге қатысты іс қозғалып, 400 мың дәрі тәркіленді. Түркістан облысында 100 тонна күкірт қышқылы арнайы күзетсіз тасымалданған. Абай облысында 680 тонна прекурсорды тасымалдау ережесі бұзылған», - деді Данияр Мейірхан
5
❤‍🔥 1
🔥 1
👌 1
3 1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Qazaqstan.tv

44.3K
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Открыть в Telegram