Жамбылда аминқышқылдарын өндіретін ірі зауыт іске қосылды
Жамбыл облысының Шу ауданында жүгеріні терең өңдеуге бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Өндірістік кешен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында салынып жатыр.
Қазір кәсіпорынның алғашқы кезеңі аяқталып, сынақ режимінде алғашқы өнім - изолейцин мен лейцин өндірілді. Зауыт валин, треонин, глутамин және цитруллин секілді сұранысқа ие аминқышқылдарын шығарады. Бұл бағыт Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет игеріліп отыр.
Жоба толық іске қосылғанда жылына 3 млн тоннаға дейін жүгері өңделіп, 1700 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Өнімдер ішкі нарықпен қатар, Орталық Азия, Еуропа, Америка және Африка елдеріне экспортталмақ.
🔥7
❤2
😐1
2 1.6K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram