Бұл сұраққа «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берген Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов жауап берді.
«Қан қысымының жоғарылауы, қан қоюлануы, қант диабеті мен артық салмақ инсультке әкеледі. Егер осындай диагнозы бар адамдар салауатты өмір салтын ұстанып, дәрілерін уақытылы ішіп, дұрыс тамақтанса және демалыс пен жұмыс уақытын реттесе, 10 адамның сегізін инсульт болудан сақтап қалуға мүмкіндік бар. Бастысы әркім өз денсаулығына жауапкершілікпен қарағаны дұрыс», - деді Серік Ақшолақов.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram