avatar
Qazaqstan.tv
@qazaqstantv
04.04.2026 15:55
��«18 адам қаза тапты»: Желіде жалған ақпарат таратқан тұрғынға айыппұл салынды

3 наурызда Семей қаласындағы «Balapark» ойын-сауық орталығында өрт шыққан. Арнайы қызметтер жедел әрекет етіп, өртті дер кезінде өшірген. Зардап шеккендер болмаған.

��Абай облысы прокуратурасының мәліметінше, қала тұрғыны «Instagram*» әлеуметтік желісіндегі қалалық пабликтердің бірінде осы өрт салдарынан 18 адамның қаза тапқаны туралы жалған ақпарат жариялаған.

Мұндай жалған мәліметтердің таралуы тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына алып келуі мүмкін еді.

«Тұрғынның жеке басы жедел түрде анықталып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. 2026 жылғы 18 наурыздағы сот қаулысымен жалған ақпаратты жариялағаны және таратқаны үшін оған 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.


��Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
😎 6
1
🙏 1
4 1.7K
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Qazaqstan.tv

44.3K
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Открыть в Telegram