avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
Переслано от канала
19.05.2026 07:50
КТС, ҚҚС және шағын бизнестің есеп беруі бойынша өзгерістер

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 15-отырысында кезекті салықтық әкімшілендіру және салалық реттеу мәселесі қаралды. Отырыс тақырыбының бірі – ақша-кредит нарығы операциялары бойынша табысқа салық салу.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ақша-кредит нарығы операциялары бойынша жекелеген кіріс түрлеріне салық салудың арнайы тәртібі қолданылды. Осыған байланысты корпоративтік табыс салығын төлеушілерде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемді есептеу және төлеу тәртібін, сондай-ақ салық есептілігін жасау қағидасын түзету қажеттігі туындады.



Вопросы
изменения по КПН, НДС и отчетность для малого бизнеса

На 15-м заседании Проектного офиса по внедрению Налогового кодекса под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина рассмотрели очередной пул вопросов налогового администрирования и отраслевого регулирования.

Одной из тем заседания стало налогообложение доходов по операциям денежно-кредитного рынка. С 1 января 2025 г. по 1 января 2026 г. действовал специальный порядок налогообложения отдельных видов доходов по операциям денежно-кредитного рынка. В связи с этим у плательщиков корпоративного подоходного налога возникла необходимость корректировки порядка расчета и уплаты авансовых платежей по корпоративному подоходному налогу, а также правил составления налоговой отчетности.

@KZgovernment
1
1 77
avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
15.05.2026 18:50
Экономика министрлігі 🇰🇿 Фото: Парламент елорданың мәртебесі мен ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «ҚР астанасының мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң жобалары мен басқа да заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобаларын Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков таныстырды. Оның айтуынша, «ҚР астанасының мәртебесі туралы» заң жобасы елорданың елдің саяси, әкімшілік және экономикалық орталығы ретіндегі ерекше рөлін бекітуге мүмкіндік береді. Құжаттың негізгі міндеті елорданың ерекше мәртебесін анықтау, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыру болып табылады. Құжат елорда мәслихаты мен әкімдігінің өкілеттігін нақтылауды және жүйелендіруді көздейді. Атап айтқанда, оларға сәулет және қала құрылысы, жол қозғалысын ұйымдастыру, халықты әлеуметтік қорғау, экология, туризм және коммуналдық меншікті басқару саласындағы негізгі құзыреттер беріледі. Бұл ретте мәслихат пен әкімдіктің өзге салалық заңдарда көзделген өкілеттігі сақталады. Сондай-ақ, заң жобасы бойынша, елорданың қала маңындағы аймағының шекаралары мен өлшемдерін, сондай-ақ оны пайдалану тәртібін Үкімет қала және облыс мәслихаттары мен әкімдіктерінің бірлескен ұсынысы негізінде айқындайды. Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге, жолдарды санитарлық тазартуға, туризмді дамытуға және жер қатынастарын реттеуге қатысатын ұйымдардың құқықтық мәртебесі арнайы блокта бекітіледі. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков жүргізіліп жатқан конституциялық реформа шеңберінде елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру ерекше мәнге ие болып отырғанын атап өтті. «Осыған байланысты Конституциялық заң жобасы жаңа Конституцияның талаптарына сәйкес және қолданыстағы әкімшілік-аумақтық құрылым туралы заңның негізінде әзірленді. Яғни, бұрын қалыптасқан құқықтық жүйенің сабақтастығы сақталып, мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығы қағидаты қамтамасыз етіледі. Конституциялық заң жобасына әкімшілік-аумақтық бірліктерді айқындауға, оларды құру, қайта құру және тарату тәртібін реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін белгілеуге қатысты нормалар енгізілген», - деп толықтырды Бауыржан Омарбеков. Ол тарихи түрде қалыптасқан өңірлік ерекшеліктер ескеріліп, әкімшілік-аумақтық бірліктердің санаты бекітілгенін жеткізді. @presseconomy
Парламент одобрил в первом чтении конституционные законопроекты о статусе столицы и административно-территориальном устройстве РК

На совместном заседании палат Парламента депутаты одобрили в первом чтении проекты Конституционных законов «О статусе столицы РК» и «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» и др. Законопроекты представил вице-министр национальной экономики Бауыржан Омарбеков.


По его словам, законопроект «О статусе столицы РК» позволит закрепить особую роль столицы как политического, административного и экономического центра страны. Основными задачами документа являются определение особого статуса столицы, повышение эффективности государственного управления, а также формирование комфортной и безопасной городской среды для жителей.
Документ предусматривает уточнение и систематизацию полномочий маслихата и акимата столицы. В частности, им передаются ключевые компетенции в сферах архитектуры и градостроительства, организации дорожного движения, социальной защиты населения, экологии, туризма и управления коммунальной собственностью. При этом за маслихатом и акиматом сохраняются полномочия, предусмотренные иными отраслевыми законами.

Также законопроектом предусматривается, что границы и размеры пригородной зоны столицы, а также порядок ее использования будут определяться Правительством на основании совместного предложения маслихатов и акиматов города и области.

Отдельным блоком закрепляется правовой статус организаций, участвующих в социально-экономическом развитии столицы, обеспечении жизнедеятельности города, санитарной очистке дорог, развитии туризма и регулировании земельных отношений.
Кроме того, в первом чтении был одобрен проект Конституционного закона «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан».

Вице-министр национальной экономики Бауыржан Омарбеков отметил, что в рамках проводимой конституционной реформы особое значение приобретает совершенствование административно-территориального устройства страны.

«В этой связи проект Конституционного закона разработан в соответствии с требованиями новой Конституции и на основе действующего закона об административно-территориальном устройстве. То есть сохранена преемственность ранее сформированной правовой системы, а также будет обеспечен принцип целостности и устойчивости государства. В проект Конституционного закона включены нормы, касающиеся определения административно-территориальных единиц, регулирования порядка их образования, преобразования и упразднения, а также установления полномочий государственных органов», – дополнил Бауыржан Омарбеков.


Он добавил, что учтены исторически сложившиеся региональные особенности и закреплены категории административно-территориальных единиц.

@presseconomy
3
1 349
avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
15.05.2026 18:50
Парламент елорданың мәртебесі мен ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «ҚР астанасының мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң жобалары мен басқа да заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобаларын Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков таныстырды.


Оның айтуынша, «ҚР астанасының мәртебесі туралы» заң жобасы елорданың елдің саяси, әкімшілік және экономикалық орталығы ретіндегі ерекше рөлін бекітуге мүмкіндік береді. Құжаттың негізгі міндеті елорданың ерекше мәртебесін анықтау, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыру болып табылады.

Құжат елорда мәслихаты мен әкімдігінің өкілеттігін нақтылауды және жүйелендіруді көздейді. Атап айтқанда, оларға сәулет және қала құрылысы, жол қозғалысын ұйымдастыру, халықты әлеуметтік қорғау, экология, туризм және коммуналдық меншікті басқару саласындағы негізгі құзыреттер беріледі. Бұл ретте мәслихат пен әкімдіктің өзге салалық заңдарда көзделген өкілеттігі сақталады.

Сондай-ақ, заң жобасы бойынша, елорданың қала маңындағы аймағының шекаралары мен өлшемдерін, сондай-ақ оны пайдалану тәртібін Үкімет қала және облыс мәслихаттары мен әкімдіктерінің бірлескен ұсынысы негізінде айқындайды.

Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге, жолдарды санитарлық тазартуға, туризмді дамытуға және жер қатынастарын реттеуге қатысатын ұйымдардың құқықтық мәртебесі арнайы блокта бекітіледі.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков жүргізіліп жатқан конституциялық реформа шеңберінде елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру ерекше мәнге ие болып отырғанын атап өтті.

«Осыған байланысты Конституциялық заң жобасы жаңа Конституцияның талаптарына сәйкес және қолданыстағы әкімшілік-аумақтық құрылым туралы заңның негізінде әзірленді. Яғни, бұрын қалыптасқан құқықтық жүйенің сабақтастығы сақталып, мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығы қағидаты қамтамасыз етіледі. Конституциялық заң жобасына әкімшілік-аумақтық бірліктерді айқындауға, оларды құру, қайта құру және тарату тәртібін реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін белгілеуге қатысты нормалар енгізілген», - деп толықтырды Бауыржан Омарбеков.


Ол тарихи түрде қалыптасқан өңірлік ерекшеліктер ескеріліп, әкімшілік-аумақтық бірліктердің санаты бекітілгенін жеткізді.

@presseconomy
1
👍 1
250
avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
13.05.2026 15:52
Экономика министрлігі 🇰🇿 Фото: Серік Жұманғарин ТМҰ елдерінің бизнес-форумын ашты Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «ТМҰ елдерінің экономикалық интеграциясы және кооперациясы: өнеркәсіптегі, АӨК-тегі, логистика мен цифрландырудағы жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форумның ашылуына қатысты. Форум Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің мемлекеттік органдарының, қаржы институттарының, сауда-өнеркәсіп палаталарының, халықаралық ұйымдардың, бизнестің өкілдерін біріктірді. Серік Жұманғарин өз сөзінде ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыттың бірі болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, ТМҰ елдері 170 млн-нан астам халқы бар нарық қалыптастырып, айтарлықтай өнеркәсіптік, көліктік, аграрлық және адами әлеуетке ие болып отыр. Әлемдік экономиканың жаһандық трансформациясы және инвестиция, технология мен логистикалық маршрут үшін бәсекелестік күшейген кезде, іс жүзіндегі экономикалық кооперация ерекше маңызға ие. Осыған байланысты, вице-премьер атап өткендей, декларациялардан бірлескен жобаға, жаңа өндіріске, технологиялық альянстар мен өзара инвестицияларға көшу негізгі міндет болып саналады. «Қазақстан түркі мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын тереңдетуді дәйекті түрде қолдайды. Біз өнеркәсіптік кооперацияны, бірлескен агроөнеркәсіптік жобаларды, көлік-логистикалық дәліздерді, цифрлық платформаларды және электрондық сауданы дамытуда үлкен әлеуетті көріп отырмыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.  Сөз сөйлеу барысында Түркі инвестициялық қорының қызметіне ерекше назар аударылды. Вице-премьердің айтуынша, Қазақстан ТИҚ-ты ТМҰ елдерінің бірлескен жобаларын қолдаудың негізгі қаржылық тетігінің бірі ретінде қарастырады.  «Қазақстан үшін Түркі инвестициялық қоры тек қаржы институтына ғана емес, өзара сауданың өсуіне, жаңа өндіріс құруға және елдеріміз арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін толыққанды экономикалық интеграция платформасына айналуы маңызды», — деп атап өтті ол. Бастапқы кезеңде Түркі инвестициялық қоры бірлесіп қаржыландыру жобаларына $20 млн-нан бастап бағыттауға дайын. Қазіргі уақытта Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруға қордың қатысуы бойынша келіссөз жүргізілуде. Серік Жұманғарин Транскаспий халықаралық көлік бағытын қосқанда, тұрақты көлік маршрутын дамытудың, сондай-ақ Шығыс пен Батыс арасындағы транзит пен сауданың мүмкіндігін кеңейтетін теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғыртудың маңыздылығына назар аударды. Вице-премьер цифрландыру саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті. Оның айтуынша, ТМҰ елдері IT-секторды, стартап-экожүйелерді, цифрлық сервистерді, жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді бірлесіп дамыту үшін көптеген мүмкіндікке ие. Осыған байланысты ол форумға Astana Hub, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және басқа да даму институттары өкілдерінің қатысуын құптады. Серік Жұманғарин атап өткендей, ТМҰ елдерінің бизнес-қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше баса мән беру қажет. «Кәсіпкерлер осы интеграциялық процестердің негізгі қозғаушы күші болып саналады. Сондықтан бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасап, кедергілерді азайту, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, бірлескен бастамаларды қолдап, іскерлік байланыстарды нығайту маңызды», — деп атап өтті ол. Вице-премьер сөзінің соңында Түркі мемлекеттері ұйымына, Түркі мемлекеттері сауда-өнеркәсіп палаталары одағына, «Атамекен» ҰКП-ға, сондай-ақ форумның барлық әріптестері мен ұйымдастырушыларына бірлескен жұмысы және аймақ елдерінің экономикалық өзара іс-қимылын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. @presseconomy
Серик Жумангарин открыл бизнес-форум стран ОТГ

Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Республики Казахстан Серик Жумангарин принял участие в открытии бизнес-форума «Экономическая интеграция и кооперация стран ОТГ: новые возможности в промышленности, АПК, логистике и цифровизации».

Форум объединил в Астане представителей государственных органов, финансовых институтов, торгово-промышленных палат, международных организаций и бизнеса стран Организации тюркских государств.

В своем выступлении Серик Жумангарин подчеркнул, что развитие сотрудничества в рамках ОТГ остается одним из приоритетных направлений внешнеэкономической политики Казахстана.
По его словам, страны ОТГ формируют рынок с населением более 170 млн человек и обладают значительным промышленным, транспортным, аграрным и человеческим потенциалом.

В условиях глобальной трансформации мировой экономики и усиления конкуренции за инвестиции, технологии и логистические маршруты особое значение приобретает практическая экономическая кооперация. В этой связи, как отметил вице-премьер, основной задачей становится переход от деклараций к совместным проектам, новым производствам, технологическим альянсам и взаимным инвестициям.

«Казахстан последовательно выступает за углубление экономической интеграции тюркских государств. Мы видим большой потенциал в развитии промышленной кооперации, совместных агропромышленных проектов, транспортно-логистических коридоров, цифровых платформ и электронной торговли», — отметил Серик Жумангарин.

Особое внимание в ходе выступления было уделено деятельности Тюркского инвестиционного фонда. По словам вице-премьера, Казахстан рассматривает ТИФ как один из ключевых финансовых механизмов поддержки совместных проектов стран ОТГ.
«Для Казахстана принципиально, чтобы ТИФ стал не просто финансовым институтом, а полноценной платформой экономической интеграции, способствующей росту взаимной торговли, созданию новых производств и расширению инвестиционного сотрудничества между нашими странами», 
— подчеркнул он.

На первоначальном этапе Тюркский инвестиционный фонд готов направить от $20 млн на проекты софинансирования. В настоящее время уже ведутся переговоры по участию фонда в финансировании развития инфраструктуры Международного аэропорта Алматы.

Отдельно Серик Жумангарин подчеркнул значимость развития устойчивых транспортных маршрутов, включая Транскаспийский международный транспортный маршрут, а также модернизации железнодорожной и портовой инфраструктуры, что расширяет возможности для транзита и торговли между Востоком и Западом.
Вице-премьер также отметил высокий потенциал сотрудничества в сфере цифровизации. По его словам, страны ОТГ обладают широкими возможностями для совместного развития IT-сектора, стартап-экосистем, цифровых сервисов, искусственного интеллекта и инновационных решений. В этой связи он приветствовал участие в форуме представителей Astana Hub, Международного финансового центра «Астана» и других институтов развития.

Особое внимание, как подчеркнул Серик Жумангарин, необходимо уделять укреплению взаимодействия между бизнес-сообществами стран ОТГ.
«Именно предприниматели являются ключевой движущей силой интеграционных процессов. Поэтому важно создавать максимально благоприятные условия для бизнеса - снижать барьеры, расширять доступ к финансированию, поддерживать совместные инициативы и укреплять деловые контакты», 
— отметил он.


В завершение выступления вице-премьер выразил благодарность Организации тюркских государств, Союзу торгово-промышленных палат тюркских государств, НПП «Атамекен», а также всем партнерам и организаторам форума за совместную работу и значимый вклад в укрепление экономического взаимодействия стран региона.

@presseconomy
1
👌 1
1 400
avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
13.05.2026 15:51
Серік Жұманғарин ТМҰ елдерінің бизнес-форумын ашты

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «ТМҰ елдерінің экономикалық интеграциясы және кооперациясы: өнеркәсіптегі, АӨК-тегі, логистика мен цифрландырудағы жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форумның ашылуына қатысты.

Форум Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің мемлекеттік органдарының, қаржы институттарының, сауда-өнеркәсіп палаталарының, халықаралық ұйымдардың, бизнестің өкілдерін біріктірді.

Серік Жұманғарин өз сөзінде ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыттың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Оның айтуынша, ТМҰ елдері 170 млн-нан астам халқы бар нарық қалыптастырып, айтарлықтай өнеркәсіптік, көліктік, аграрлық және адами әлеуетке ие болып отыр.
Әлемдік экономиканың жаһандық трансформациясы және инвестиция, технология мен логистикалық маршрут үшін бәсекелестік күшейген кезде, іс жүзіндегі экономикалық кооперация ерекше маңызға ие. Осыған байланысты, вице-премьер атап өткендей, декларациялардан бірлескен жобаға, жаңа өндіріске, технологиялық альянстар мен өзара инвестицияларға көшу негізгі міндет болып саналады.

«Қазақстан түркі мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын тереңдетуді дәйекті түрде қолдайды. Біз өнеркәсіптік кооперацияны, бірлескен агроөнеркәсіптік жобаларды, көлік-логистикалық дәліздерді, цифрлық платформаларды және электрондық сауданы дамытуда үлкен әлеуетті көріп отырмыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

 Сөз сөйлеу барысында Түркі инвестициялық қорының қызметіне ерекше назар аударылды. Вице-премьердің айтуынша, Қазақстан ТИҚ-ты ТМҰ елдерінің бірлескен жобаларын қолдаудың негізгі қаржылық тетігінің бірі ретінде қарастырады.
 «Қазақстан үшін Түркі инвестициялық қоры тек қаржы институтына ғана емес, өзара сауданың өсуіне, жаңа өндіріс құруға және елдеріміз арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін толыққанды экономикалық интеграция платформасына айналуы маңызды», 
— деп атап өтті ол.

Бастапқы кезеңде Түркі инвестициялық қоры бірлесіп қаржыландыру жобаларына $20 млн-нан бастап бағыттауға дайын. Қазіргі уақытта Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруға қордың қатысуы бойынша келіссөз жүргізілуде.

Серік Жұманғарин Транскаспий халықаралық көлік бағытын қосқанда, тұрақты көлік маршрутын дамытудың, сондай-ақ Шығыс пен Батыс арасындағы транзит пен сауданың мүмкіндігін кеңейтетін теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғыртудың маңыздылығына назар аударды.

Вице-премьер цифрландыру саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті. Оның айтуынша, ТМҰ елдері IT-секторды, стартап-экожүйелерді, цифрлық сервистерді, жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді бірлесіп дамыту үшін көптеген мүмкіндікке ие. Осыған байланысты ол форумға Astana Hub, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және басқа да даму институттары өкілдерінің қатысуын құптады.

Серік Жұманғарин атап өткендей, ТМҰ елдерінің бизнес-қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше баса мән беру қажет.
«Кәсіпкерлер осы интеграциялық процестердің негізгі қозғаушы күші болып саналады. Сондықтан бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасап, кедергілерді азайту, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, бірлескен бастамаларды қолдап, іскерлік байланыстарды нығайту маңызды»,
 — деп атап өтті ол.

Вице-премьер сөзінің соңында Түркі мемлекеттері ұйымына, Түркі мемлекеттері сауда-өнеркәсіп палаталары одағына, «Атамекен» ҰКП-ға, сондай-ақ форумның барлық әріптестері мен ұйымдастырушыларына бірлескен жұмысы және аймақ елдерінің экономикалық өзара іс-қимылын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

@presseconomy
1
301
avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
12.05.2026 11:34
Казахстанские производители МСБ соберутся на одной из крупнейших выставок Ulttyq ónim – 2026

С 22 по 24 мая в Международном выставочном центре EXPO пройдет IX ежегодная выставка отечественных производителей Ulttyq ónim – 2026.


Ulttyq ónim – крупнейшая выставочная площадка, направленная на продвижение продукции и услуг казахстанских компаний, получивших государственную поддержку. Площадка объединяет казахстанских производителей, инвесторов, первых руководителей государственных и финансовых институтов, а также международных экспертов.

Организатором выставки выступает Фонд развития предпринимательства «Даму» (дочерняя организация НИХ «Байтерек») при поддержке Правительства Казахстана, Министерства национальной экономики и акимата Астаны. За годы проведения Ulttyq ónim зарекомендовала себя как одна из ключевых платформ для демонстрации потенциала малого и среднего бизнеса Казахстана.

В рамках выставки компании представят продукцию и услуги в сферах пищевой, легкой, тяжелой и химической промышленности, мебельного и строительного производства, крафтовой индустрии и других отраслей экономики. Главная цель проекта – поддержка отечественного бизнеса, развитие кооперации, поиск новых партнеров и расширение рынков сбыта казахстанской продукции.

В 2026 году выставка станет самой масштабной за всю историю проведения. В ней примут участие более 600 компаний - почти вдвое больше по сравнению с прошлым годом. Существенно увеличены площадь экспозиции и отраслевой охват. Впервые введена новая категория – услуги.

Особый акцент сделан на производственные предприятия, при этом растет доля участников из регионов. Для посетителей будут организованы live-зоны и интерактивные форматы, что позволит посетителям увидеть реальные производственные процессы. Также запланированы мастер-классы по применению ИИ в бизнесе - от автоматизации процессов до генерации бизнес-планов.

Деловая программа Ulttyq ónim – 2026 включает панельные сессии с участием ведущих казахстанских и международных экспертов, топ-менеджеров банков и представителей бизнеса. Ключевыми темами станут развитие предпринимательства, гарантирование как инструмент расширения доступа к финансированию, цифровизация и внедрение искусственного интеллекта.

Кроме того, в рамках выставки состоятся B2B-встречи, показ национальной одежды, концертная программа с участием популярных артистов и блогеров, онлайн-конкурс «Халық таңдауы» и розыгрыши призов для посетителей. Также гости выставки смогут приобрести продукцию отечественных производителей напрямую, по ценам производителей.

Вход на выставку свободный.
Для посещения необходимо пройти регистрацию на месте либо заранее в онлайн-формате на сайте Ulttyq ónim (
https://ulttyqonim.kz/ ).

Приглашаем жителей и гостей столицы посетить выставку Ulttyq ónim-2026 и поддержать отечественных производителей!

Место: Международный выставочный центр EXPO (пр. Мангилик Ел, 53/1)
Торжественное открытие: 22 мая в 09:00 ч.
Время работы выставки: 22-24 мая 2025 г. 08:00-18:00 ч.


@presseconomy
👍 2
👏 1
1 454
avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
12.05.2026 11:33
Қазақстандық ШОБ өндірушілері Ulttyq ónim – 2026 ірі көрмелерінің бірінде бас қосады

2026 жылғы 22-24 мамыр күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің дәстүрлі Ulttyq ónim көрмесі тоғызыншы рет өтеді.


Ulttyq Ónim – мемлекеттен қолдау алған қазақстандық компаниялардың өнімдері мен қызметтерін насихаттауға арналған ең ірі көрме алаңы. Мұнда қазақстандық өндірушілер, инвесторлар, мемлекеттік және қаржы институттар басшылары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар бас қосады.

Көрмені ұйымдастырушы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы). Іс-шара Қазақстан Үкіметінің, Ұлттық экономика министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Ulttyq Ónim Қазақстандағы шағын және орта бизнестің әлеуетін көрсететін негізгі алаңдардың бірі ретінде танылып келеді.

Көрме аясында компаниялар тамақ, жеңіл, ауыр және химия өнеркәсібі, жиһаз және құрылыс өндірісі, крафт индустрия және экономиканың басқа да салаларындағы өнімдер мен қызметтерін ұсынады. Жобаның басты мақсаты – отандық бизнесті қолдау, кооперацияны дамыту, жаңа серіктестер табу және қазақстандық өнімдердің өткізу нарығын кеңейту.
2026 жыл көрме тарихындағы ең ауқымдысы болмақ. Оған 600-ден астам компания қатысады. Бұл – былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Экспозиция аумағы мен салалар да айтарлықтай кеңейді. Мысалы биыл «Қызмет көрсету» санатындағы кәсіпкерлер де қатысады.

Көрмеде өндіріске ерекше назар аударылады, сонымен қатар өңірлерден қатысушылар саны артып келеді. Келушілер үшін live-аймақтар мен интерактивті форматтар ұйымдастырылып, нақты өндірістік процестерді көруге мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар бизнесте – процестерді автоматтандырудан бастап бизнес-жоспарларды генерациялауға дейін жасанды интеллект қолдану бойынша шеберлік сабақтары өтеді.

Ulttyq ónim – 2026 іскери бағдарламасы жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылардың, банк топ-менеджерлерінің және бизнес өкілдерінің қатысуымен өтетін панельдік сессияларды қамтиды. Негізгі тақырыптар – кәсіпкерлікті дамыту, қаржы алуға мүмкіндік беретін кепілдік құралдары, цифрландыру және жасанды интеллект енгізу.

Сонымен қатар көрме аясында B2B кездесулер, отандық киімдер топтамасынан сән көрсетілімі, танымал блогерлер мен әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама, «Халық таңдауы» онлайн-конкурсы және құнды сыйлықтар тігілген ұтыс ойыны ұйымдастырылады. Келушілер отандық өнімдерді тікелей, өндіруші бағасымен сатып ала алады.

Көрмеге кіру тегін.
Қатысу үшін көрме ғимаратына кіре берісте немесе көрменің ресми сайтында (
https://ulttyqonim.kz/) онлайн тіркеу өту қажет.

Астана тұрғындары мен қонақтарын көрмеге келіп, отандық өндірушілерді қолдауға шақырамыз!

Өтетін орны: EXPO халықаралық көрме орталығы (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1)
Ашылу салтанаты: 22 мамыр, сағат 09:00
Жұмыс уақыты: 22–23-24 мамыр, 08:00-18:00


@presseconomy
1 373
avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
12.05.2026 09:37
Рост ВВП Казахстана в январе-апреле 2026 года составил 3,6%

Предварительные данные БНС:
Промышленное производство. Индекс физического объема - 102,1%.
- Ключевые факторы восстановления - ускорение обрабатывающего сектора, где объем производства увеличился на 9,9%.

Машиностроение. Рост на 23,3%.
Результат увеличения объемов выпуска транспортных средств, сельскохозяйственной и железнодорожной техники, электротоваров и оборудования.

Легкая промышленность. Рост в 2,3 раза.
Увеличение производства мебели – на 41,7%, фармацевтической продукции – на 35,2%, строительных материалов – на 27,7%, химической промышленности – на 18,4%, продуктов питания - на 14,4%.

В целом положительная динамика экономики за первые четыре месяца года обеспечена устойчивым ростом в базовых секторах.
Наиболее высокие темпы роста зафиксированы в отраслях:
строительство – 114,5%;
транспорт и складирование – 112%;
обработка - 109,9%;
торговля – 105,1%;
сельское хозяйство – 103,6%.

Текущая структура реального роста ВВП характеризуется усилением роли несырьевых секторов, в частности строительства, транспорта, торговли и обрабатывающей промышленности.

@presseconomy
1
27 2.3K
avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
12.05.2026 09:37
2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,6%-ды құрады.

ҰСБ-ның алдын ала деректері:
Өнеркәсіптік өндірісі. Нақты көлем индексі – 102,1%.

- Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды, онда өндіріс 9,9%-ға өсті.

Машина жасау. Өсім – 23,3%.
Көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.

Жеңіл өнеркәсіп 2,3 есе өсті.
Жиһаз өндірісі – 41,7%-ға, фармацевтика – 35,2%-ға, құрылыс материалдары – 27,7%-ға, химия өнеркәсібі – 18,4%-ға, азық-түлік өндірісі 14,4%-ға өсті.

Жалпы, жыл басынан бергі төрт айдағы экономиканың оң динамикасы базалық салалардағы тұрақты өсім есебінен қамтамасыз етілді.

Ең жоғары өсім қарқыны келесі салаларда тіркелді:
құрылыс-114,5%,
көлік және қоймалау – 112%,
өңдеу - 109,9%,
сауда – 105,1%,
ауыл шаруашылығы – 103,6%.

Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.

@presseconomy
10 2.4K
avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
12.05.2026 07:55
Экономика министрлігі 🇰🇿 Фото: Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсім төрт айда 9,9%-ға жеделдеді Экономиканың өсу қарқыны төртінші ай жеделдеуде. ҰСБ-ның алдын ала деректері бойынша, 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ды құрады. Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсім серпіні айтарлықтай жақсарды (2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ өсуі 3%). Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс оң өсім көрсетті. Нақты көлем индексі 102,1% болса, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 99,9%-ға төмендеу тіркелді. Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды. Онда өндіріс қаңтар-наурыздағы 8,5%-ға қарағанда 9,9%-ға өсті. Машина жасаудағы жоғары өсу қарқыны (өсу 23,3%) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады. Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірісінде 2,3 есе, жиһаз өндірісінде 41,7%, фармацевтика өнімінде 35,2%, құрылыс материалдарында 27,7%, химия өнеркәсібінде 18,4%, тамақ өнімдерінде 14,4% өсу байқалады. Тау-кен өнеркәсібінде төмендеу сақталғанмен (92,7%), оның қарқыны бірінші тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай бәсеңдеді (88,6%). Бұл өндірістің біртіндеп қалпына келуін және мұнай секторының жалпы экономикалық динамикаға теріс үлесінің азаюын көрсетеді. Тұтастай алғанда, жылдың алғашқы төрт айындағы экономиканың оң серпіні негізгі секторлардағы орнықты өсумен қамтамасыз етілді. Ең жоғары өсім қарқыны мына салаларда тіркелді: құрылыс-114,5%; көлік және қоймалау – 112%; өңдеу - 109,9%; сауда – 105,1%; ауыл шаруашылығы-103,6%. Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады. @presseconomy
Рост обрабатывающего сектора промышленности ускорился до 9,9% за четыре месяца

Темпы роста экономики ускоряются четвертый месяц.

По предварительным данным БНС, рост ВВП Казахстана в январе-апреле 2026 года составил 3,6% к аналогичному периоду прошлого года.

По сравнению с итогами первого квартала, динамика  экономического роста заметно улучшилась (3% роста ВВП за январь-март 2026 г.).

Промышленное производство по итогам четырех месяцев вышло в положительную зону – индекс физического объема составил 102,1%, тогда как по итогам первого квартала фиксировалось снижение до 99,9%.

Ключевым фактором восстановления промышленности стало ускорение обрабатывающего сектора, где объем производства увеличился на 9,9% против 8,5% в январе-марте.

Высокие темпы роста сохраняются в машиностроении (рост на 23,3%) за счет увеличения объемов выпуска транспортных средств, сельскохозяйственной и железнодорожной техники, электротоваров и оборудования.

Также отмечается значительный рост в производстве продукции легкой промышленности – рост в 2,3 раза, мебели – на 41,7%, фармацевтической продукции – на 35,2%, строительных материалов – на 27,7%, химической промышленности – на 18,4%, продуктов питания - на 14,4%.

В горнодобывающей промышленности спад сохраняется (92,7%), однако его глубина существенно сократилась по сравнению с первым кварталом (88,6%), что указывает на постепенное восстановление добычи и снижение отрицательного вклада нефтяного сектора в общую экономическую динамику.

В целом положительная динамика экономики за первые четыре месяца года обеспечена устойчивым ростом в базовых секторах. Наиболее высокие темпы роста зафиксированы в отраслях:
строительство – 114,5%;
транспорт и складирование – 112%;
обработка - 109,9%;
торговля – 105,1%;
сельское хозяйство – 103,6%.

Таким образом, текущая структура реального роста ВВП характеризуется усилением роли несырьевых секторов, в частности строительства, транспорта, торговли и обрабатывающей промышленности.

@presseconomy
1
6 514
avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
12.05.2026 07:54
Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсім төрт айда 9,9%-ға жеделдеді

Экономиканың өсу қарқыны төртінші ай жеделдеуде.

ҰСБ-ның алдын ала деректері бойынша, 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ды құрады.

Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсім серпіні айтарлықтай жақсарды (2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ өсуі 3%).

Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс оң өсім көрсетті. Нақты көлем индексі 102,1% болса, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 99,9%-ға төмендеу тіркелді.

Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды. Онда өндіріс қаңтар-наурыздағы 8,5%-ға қарағанда 9,9%-ға өсті.

Машина жасаудағы жоғары өсу қарқыны (өсу 23,3%) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.

Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірісінде 2,3 есе, жиһаз өндірісінде 41,7%, фармацевтика өнімінде 35,2%, құрылыс материалдарында 27,7%, химия өнеркәсібінде 18,4%, тамақ өнімдерінде 14,4% өсу байқалады.

Тау-кен өнеркәсібінде төмендеу сақталғанмен (92,7%), оның қарқыны бірінші тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай бәсеңдеді (88,6%). Бұл өндірістің біртіндеп қалпына келуін және мұнай секторының жалпы экономикалық динамикаға теріс үлесінің азаюын көрсетеді.

Тұтастай алғанда, жылдың алғашқы төрт айындағы экономиканың оң серпіні негізгі секторлардағы орнықты өсумен қамтамасыз етілді. Ең жоғары өсім қарқыны мына салаларда тіркелді:
құрылыс-114,5%;
көлік және қоймалау – 112%;
өңдеу - 109,9%;
сауда – 105,1%;
ауыл шаруашылығы-103,6%.

Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.

@presseconomy
3 486
avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
11.05.2026 22:12
Экономика министрлігі 🇰🇿 Фото: Қазақстан мен Индонезия сауда, логистика және агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде Астанада 13 жылдан соң Қазақстан мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтті. Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Индонезия делегациясын Индонезияның Экономикалық істер жөніндегі үйлестіруші министрі Аирлангга Хартарто басқарды. Отырысқа екі елдің мемлекеттік органдарының, «Атамекен» ҰКП-ның, дипломатиялық миссиялар мен бизнес өкілдері қатысты. Тараптар сауда, инвестиция, көлік-логистика, энергетика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, стандарттау және туризм мәселелерін талқылады. «Индонезия — Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі экономикалық серіктестерінің бірі. Біз екіжақты қатынастарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүдделіміз. Екі ел арасында сауда-экономикалық, мәдени және басқа да салаларды қамтитын 26 келісім бар», — деді Серік Жұманғарин. Вице-премьер өткен жылдың желтоқсан айында қол қойылған ЕАЭО мен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісімнің маңызын да ерекше атап өтті. «Бұл — ЕАЭО мен АСЕАН-ның ең ірі экономикасы арасындағы стратегиялық көпір. Ол экспорт пен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға жаңа мүмкіндік ашады», — деді Серік Жұманғарин. Қазақстан өзара жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейтуді және қолданыстағы сауда бағыттарын жандандыруды ұсынды. Қазақстан тарапының мәліметінше, 20 тауарлық позиция бойынша экспорттық әлеует $60 млн-нан асады. Перспективалы бағыттардың қатарында Индонезияның болат құю және автомобиль өнеркәсібіне қазақстандық ферроқорытпаларды жеткізу, сондай-ақ астық экспортын ұлғайту аталды. «Биыл Индонезияның бидай импортына деген сұранысы 13 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Қазақстан Индонезияның ұн өндіру өнеркәсібіне жоғары сапалы, желімтегі жоғары бидайды тұрақты түрде жеткізуге дайын», — деді Серік Жұманғарин. Тараптар халал өнімдері саласындағы ынтымақтастыққа да ерекше назар аударды. Қазақстан Индонезия нарығына сиыр еті, қой еті және ет консервілерін жеткізу көлемін арттыруға дайын екенін мәлімдеді. Экспорттық әлеуеттің мысалы ретінде Серік Жұманғарин «Қайып ата» ЖШС жобасын таныстырды. «Бүгінде біз Орталық Азиядағы сиыр етін жеткізуші жетекші елдердің біріміз. Екі жыл бұрын австралиялық әріптестердің тәжірибесін зерттеп, оны Қазақстанда енгіздік. Нәтижесінде елімізде 50 мың бас малға арналған толық циклді ең ірі кластер құрылды», — деді ол. Индонезия тарапы азық-түлік қауіпсіздігі, халал индустриясы және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытатынын растады. «Біз инвестиция, энергетика, цифрлық трансформация, туризм, стандарттау, денсаулық сақтау салалары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимыл бағыттарында бірқатар екіжақты бастамалар бойынша ілгерілеу барын атап өткіміз келеді», — деп атап өтті Аирлангга Хартарто. Сондай-ақ, Аирлангга Хартарто Индонезия мен ЕАЭО арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау процесін жеделдетуді қолдап, Индонезия–ЕАЭО Іскерлік кеңесін құруды ұсынды. Стандарттау саласында тараптар Қазақстанның стандарттау және метрология институты мен Индонезияның Ұлттық стандарттау агенттігі арасындағы меморандумды әзірлеу мәселесін сөз етті. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы көлік байланысын дамытуға да ерекше назар аударылды. Тараптар мультимодальды көлік бағыттарын және Ляньюньган дәлізі арқылы контейнерлік теміржол қатынасының пилоттық жобасын талқылады. Туристік қатынас та артып келеді. Қазақстаннан Индонезияға барған туристер саны 2023 жылғы 8,2 мың адамнан 2025 жылы 24,4 мың адамға дейін өсті. Отырыс қорытындысында Қазақстан мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысының хаттамасына қол қойылды. @presseconomy
Казахстан и Индонезия расширяют сотрудничество в торговле, логистике и АПК

В Астане спустя 13 лет состоялось второе заседание Межправительственной комиссии Казахстана и Индонезии по экономическому сотрудничеству. Казахстанскую делегацию возглавил заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин, индонезийскую — министр-координатор по экономическим делам Индонезии Аирлангга Хартарто.

В заседании приняли участие представители госорганов двух стран, НПП «Атамекен», дипломатических миссий и бизнеса.

Стороны обсудили вопросы торговли, инвестиций, транспорта и логистики, энергетики, цифровизации, сельского хозяйства, стандартизации и туризма.
«Индонезия является одним из ключевых экономических партнеров Казахстана в Юго-Восточной Азии. Мы заинтересованы в выводе наших отношений на новый качественный уровень. Между нашими странами действуют 26 соглашений в торгово-экономической, культурной и других сферах», — отметил Серик Жумангарин.

Отдельно вице-премьер подчеркнул значение подписанного в декабре прошлого года Соглашения о свободной торговле между ЕАЭС и Индонезией.
«Это стратегический мост между ЕАЭС и крупнейшей экономикой АСЕАН, который открывает новые точки роста для экспорта и промышленной кооперации»,
— подчеркнул Серик Жумангарин.

Казахстан предложил расширить номенклатуру взаимных поставок и активизировать действующие торговые направления. По данным казахстанской стороны, экспортный потенциал по 20 товарным позициям превышает $60 млн.
Среди перспективных направлений названы поставки казахстанских ферросплавов для сталелитейной и автомобильной промышленности Индонезии, а также увеличение экспорта зерна.

«Потребность Индонезии в импорте пшеницы в этом году может вырасти до 13 млн тонн. Казахстан готов предложить стабильные поставки высококачественной пшеницы с высоким содержанием клейковины для мукомольной промышленности Индонезии»,
— отметил Серик Жумангарин.

Отдельное внимание стороны уделили сотрудничеству в сфере халяльной продукции. Казахстан заявил о готовности наращивать поставки говядины, баранины и мясных консервов на индонезийский рынок.
В качестве примера экспортного потенциала Серик Жумангарин представил проект ТОО «Қайып ата».

«Сегодня мы являемся одним из ведущих поставщиков говядины в Центральной Азии. Два года назад мы изучили опыт австралийских коллег и внедрили его в Казахстане. В результате создан крупнейший в стране кластер полного цикла с поголовьем 50 тыс голов»,
— подчеркнул он.

Индонезийская сторона подтвердила заинтересованность в расширении сотрудничества в сферах продовольственной безопасности, халяльной
индустрии и энергетики.

«Мы отмечаем прогресс по ряду двусторонних инициатив, включая сотрудничество в сферах инвестиций, энергетики, цифровой трансформации, туризма, стандартизации, здравоохранения и взаимодействия между бизнес-сообществами»,
— подчеркнул Аирлангга Хартарто.

Индонезия также поддержала ускорение ратификации соглашения о свободной торговле между Индонезией и ЕАЭС и предложила создать Деловой совет Индонезия – ЕАЭС.
В сфере стандартизации стороны обсудили подготовку меморандума между Казахстанским институтом стандартизации и метрологии и Национальным агентством по стандартизации Индонезии.

Отдельный акцент был сделан на развитии транспортной взаимосвязанности между Центральной и Юго-Восточной Азией. Стороны обсудили мультимодальные транспортные маршруты и пилотный проект контейнерного железнодорожного сообщения через коридор Ляньюньган.
Продолжает расти и туристический обмен. Число туристов из Казахстана в Индонезию увеличилось с 8,2 тыс. человек в 2023 году до 24,4 тыс. в 2025 году.

По итогам заседания подписан протокол второго заседания казахстанско-индонезийской Межправительственной комиссии по экономическому сотрудничеству.

@presseconomy
2 260
avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
11.05.2026 22:11
Қазақстан мен Индонезия сауда, логистика және агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Астанада 13 жылдан соң Қазақстан мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтті. Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Индонезия делегациясын Индонезияның Экономикалық істер жөніндегі үйлестіруші министрі Аирлангга Хартарто басқарды.

Отырысқа екі елдің мемлекеттік органдарының, «Атамекен» ҰКП-ның, дипломатиялық миссиялар мен бизнес өкілдері қатысты. Тараптар сауда, инвестиция, көлік-логистика, энергетика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, стандарттау және туризм мәселелерін талқылады.

«Индонезия — Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі экономикалық серіктестерінің бірі. Біз екіжақты қатынастарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүдделіміз. Екі ел арасында сауда-экономикалық, мәдени және басқа да салаларды қамтитын 26 келісім бар», — деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьер өткен жылдың желтоқсан айында қол қойылған ЕАЭО мен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісімнің маңызын да ерекше атап өтті.

«Бұл — ЕАЭО мен АСЕАН-ның ең ірі экономикасы арасындағы стратегиялық көпір. Ол экспорт пен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға жаңа мүмкіндік ашады»
, — деді Серік Жұманғарин.


Қазақстан өзара жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейтуді және қолданыстағы сауда бағыттарын жандандыруды ұсынды. Қазақстан тарапының мәліметінше, 20 тауарлық позиция бойынша экспорттық әлеует $60 млн-нан асады.

Перспективалы бағыттардың қатарында Индонезияның болат құю және автомобиль өнеркәсібіне қазақстандық ферроқорытпаларды жеткізу, сондай-ақ астық экспортын ұлғайту аталды.

«Биыл Индонезияның бидай импортына деген сұранысы 13 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Қазақстан Индонезияның ұн өндіру өнеркәсібіне жоғары сапалы, желімтегі жоғары бидайды тұрақты түрде жеткізуге дайын»
, — деді Серік Жұманғарин.

Тараптар халал өнімдері саласындағы ынтымақтастыққа да ерекше назар аударды. Қазақстан Индонезия нарығына сиыр еті, қой еті және ет консервілерін жеткізу көлемін арттыруға дайын екенін мәлімдеді.

Экспорттық әлеуеттің мысалы ретінде Серік Жұманғарин «Қайып ата» ЖШС жобасын таныстырды.

«Бүгінде біз Орталық Азиядағы сиыр етін жеткізуші жетекші елдердің біріміз. Екі жыл бұрын австралиялық әріптестердің тәжірибесін зерттеп, оны Қазақстанда енгіздік. Нәтижесінде елімізде 50 мың бас малға арналған толық циклді ең ірі кластер құрылды»
, — деді ол.

Индонезия тарапы азық-түлік қауіпсіздігі, халал индустриясы және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытатынын растады.

«Біз инвестиция, энергетика, цифрлық трансформация, туризм, стандарттау, денсаулық сақтау салалары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимыл бағыттарында бірқатар екіжақты бастамалар бойынша ілгерілеу барын атап өткіміз келеді»
, — деп атап өтті Аирлангга Хартарто.

Сондай-ақ, Аирлангга Хартарто Индонезия мен ЕАЭО арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау процесін жеделдетуді қолдап, Индонезия–ЕАЭО Іскерлік кеңесін құруды ұсынды.

Стандарттау саласында тараптар Қазақстанның стандарттау және метрология институты мен Индонезияның Ұлттық стандарттау агенттігі арасындағы меморандумды әзірлеу мәселесін сөз етті.

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы көлік байланысын дамытуға да ерекше назар аударылды. Тараптар мультимодальды көлік бағыттарын және Ляньюньган дәлізі арқылы контейнерлік теміржол қатынасының пилоттық жобасын талқылады.

Туристік қатынас та артып келеді. Қазақстаннан Индонезияға барған туристер саны 2023 жылғы 8,2 мың адамнан 2025 жылы 24,4 мың адамға дейін өсті.

Отырыс қорытындысында Қазақстан мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысының хаттамасына қол қойылды.

@presseconomy
1
248

Экономика министрлігі 🇰🇿

3.2K
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook*:https://www.facebook*.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram