avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
11.05.2026 22:12
Экономика министрлігі 🇰🇿 Фото: Қазақстан мен Индонезия сауда, логистика және агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде Астанада 13 жылдан соң Қазақстан мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтті. Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Индонезия делегациясын Индонезияның Экономикалық істер жөніндегі үйлестіруші министрі Аирлангга Хартарто басқарды. Отырысқа екі елдің мемлекеттік органдарының, «Атамекен» ҰКП-ның, дипломатиялық миссиялар мен бизнес өкілдері қатысты. Тараптар сауда, инвестиция, көлік-логистика, энергетика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, стандарттау және туризм мәселелерін талқылады. «Индонезия — Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі экономикалық серіктестерінің бірі. Біз екіжақты қатынастарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүдделіміз. Екі ел арасында сауда-экономикалық, мәдени және басқа да салаларды қамтитын 26 келісім бар», — деді Серік Жұманғарин. Вице-премьер өткен жылдың желтоқсан айында қол қойылған ЕАЭО мен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісімнің маңызын да ерекше атап өтті. «Бұл — ЕАЭО мен АСЕАН-ның ең ірі экономикасы арасындағы стратегиялық көпір. Ол экспорт пен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға жаңа мүмкіндік ашады», — деді Серік Жұманғарин. Қазақстан өзара жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейтуді және қолданыстағы сауда бағыттарын жандандыруды ұсынды. Қазақстан тарапының мәліметінше, 20 тауарлық позиция бойынша экспорттық әлеует $60 млн-нан асады. Перспективалы бағыттардың қатарында Индонезияның болат құю және автомобиль өнеркәсібіне қазақстандық ферроқорытпаларды жеткізу, сондай-ақ астық экспортын ұлғайту аталды. «Биыл Индонезияның бидай импортына деген сұранысы 13 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Қазақстан Индонезияның ұн өндіру өнеркәсібіне жоғары сапалы, желімтегі жоғары бидайды тұрақты түрде жеткізуге дайын», — деді Серік Жұманғарин. Тараптар халал өнімдері саласындағы ынтымақтастыққа да ерекше назар аударды. Қазақстан Индонезия нарығына сиыр еті, қой еті және ет консервілерін жеткізу көлемін арттыруға дайын екенін мәлімдеді. Экспорттық әлеуеттің мысалы ретінде Серік Жұманғарин «Қайып ата» ЖШС жобасын таныстырды. «Бүгінде біз Орталық Азиядағы сиыр етін жеткізуші жетекші елдердің біріміз. Екі жыл бұрын австралиялық әріптестердің тәжірибесін зерттеп, оны Қазақстанда енгіздік. Нәтижесінде елімізде 50 мың бас малға арналған толық циклді ең ірі кластер құрылды», — деді ол. Индонезия тарапы азық-түлік қауіпсіздігі, халал индустриясы және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытатынын растады. «Біз инвестиция, энергетика, цифрлық трансформация, туризм, стандарттау, денсаулық сақтау салалары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимыл бағыттарында бірқатар екіжақты бастамалар бойынша ілгерілеу барын атап өткіміз келеді», — деп атап өтті Аирлангга Хартарто. Сондай-ақ, Аирлангга Хартарто Индонезия мен ЕАЭО арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау процесін жеделдетуді қолдап, Индонезия–ЕАЭО Іскерлік кеңесін құруды ұсынды. Стандарттау саласында тараптар Қазақстанның стандарттау және метрология институты мен Индонезияның Ұлттық стандарттау агенттігі арасындағы меморандумды әзірлеу мәселесін сөз етті. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы көлік байланысын дамытуға да ерекше назар аударылды. Тараптар мультимодальды көлік бағыттарын және Ляньюньган дәлізі арқылы контейнерлік теміржол қатынасының пилоттық жобасын талқылады. Туристік қатынас та артып келеді. Қазақстаннан Индонезияға барған туристер саны 2023 жылғы 8,2 мың адамнан 2025 жылы 24,4 мың адамға дейін өсті. Отырыс қорытындысында Қазақстан мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысының хаттамасына қол қойылды. @presseconomy
Казахстан и Индонезия расширяют сотрудничество в торговле, логистике и АПК

В Астане спустя 13 лет состоялось второе заседание Межправительственной комиссии Казахстана и Индонезии по экономическому сотрудничеству. Казахстанскую делегацию возглавил заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин, индонезийскую — министр-координатор по экономическим делам Индонезии Аирлангга Хартарто.

В заседании приняли участие представители госорганов двух стран, НПП «Атамекен», дипломатических миссий и бизнеса.

Стороны обсудили вопросы торговли, инвестиций, транспорта и логистики, энергетики, цифровизации, сельского хозяйства, стандартизации и туризма.
«Индонезия является одним из ключевых экономических партнеров Казахстана в Юго-Восточной Азии. Мы заинтересованы в выводе наших отношений на новый качественный уровень. Между нашими странами действуют 26 соглашений в торгово-экономической, культурной и других сферах», — отметил Серик Жумангарин.

Отдельно вице-премьер подчеркнул значение подписанного в декабре прошлого года Соглашения о свободной торговле между ЕАЭС и Индонезией.
«Это стратегический мост между ЕАЭС и крупнейшей экономикой АСЕАН, который открывает новые точки роста для экспорта и промышленной кооперации»,
— подчеркнул Серик Жумангарин.

Казахстан предложил расширить номенклатуру взаимных поставок и активизировать действующие торговые направления. По данным казахстанской стороны, экспортный потенциал по 20 товарным позициям превышает $60 млн.
Среди перспективных направлений названы поставки казахстанских ферросплавов для сталелитейной и автомобильной промышленности Индонезии, а также увеличение экспорта зерна.

«Потребность Индонезии в импорте пшеницы в этом году может вырасти до 13 млн тонн. Казахстан готов предложить стабильные поставки высококачественной пшеницы с высоким содержанием клейковины для мукомольной промышленности Индонезии»,
— отметил Серик Жумангарин.

Отдельное внимание стороны уделили сотрудничеству в сфере халяльной продукции. Казахстан заявил о готовности наращивать поставки говядины, баранины и мясных консервов на индонезийский рынок.
В качестве примера экспортного потенциала Серик Жумангарин представил проект ТОО «Қайып ата».

«Сегодня мы являемся одним из ведущих поставщиков говядины в Центральной Азии. Два года назад мы изучили опыт австралийских коллег и внедрили его в Казахстане. В результате создан крупнейший в стране кластер полного цикла с поголовьем 50 тыс голов»,
— подчеркнул он.

Индонезийская сторона подтвердила заинтересованность в расширении сотрудничества в сферах продовольственной безопасности, халяльной
индустрии и энергетики.

«Мы отмечаем прогресс по ряду двусторонних инициатив, включая сотрудничество в сферах инвестиций, энергетики, цифровой трансформации, туризма, стандартизации, здравоохранения и взаимодействия между бизнес-сообществами»,
— подчеркнул Аирлангга Хартарто.

Индонезия также поддержала ускорение ратификации соглашения о свободной торговле между Индонезией и ЕАЭС и предложила создать Деловой совет Индонезия – ЕАЭС.
В сфере стандартизации стороны обсудили подготовку меморандума между Казахстанским институтом стандартизации и метрологии и Национальным агентством по стандартизации Индонезии.

Отдельный акцент был сделан на развитии транспортной взаимосвязанности между Центральной и Юго-Восточной Азией. Стороны обсудили мультимодальные транспортные маршруты и пилотный проект контейнерного железнодорожного сообщения через коридор Ляньюньган.
Продолжает расти и туристический обмен. Число туристов из Казахстана в Индонезию увеличилось с 8,2 тыс. человек в 2023 году до 24,4 тыс. в 2025 году.

По итогам заседания подписан протокол второго заседания казахстанско-индонезийской Межправительственной комиссии по экономическому сотрудничеству.

@presseconomy
2 260

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Экономика министрлігі 🇰🇿

3.2K
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook*:https://www.facebook*.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram