avatar
Экономика министрлігі 🇰🇿
@presseconomy
13.05.2026 15:52
Экономика министрлігі 🇰🇿 Фото: Серік Жұманғарин ТМҰ елдерінің бизнес-форумын ашты Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «ТМҰ елдерінің экономикалық интеграциясы және кооперациясы: өнеркәсіптегі, АӨК-тегі, логистика мен цифрландырудағы жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форумның ашылуына қатысты. Форум Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің мемлекеттік органдарының, қаржы институттарының, сауда-өнеркәсіп палаталарының, халықаралық ұйымдардың, бизнестің өкілдерін біріктірді. Серік Жұманғарин өз сөзінде ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыттың бірі болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, ТМҰ елдері 170 млн-нан астам халқы бар нарық қалыптастырып, айтарлықтай өнеркәсіптік, көліктік, аграрлық және адами әлеуетке ие болып отыр. Әлемдік экономиканың жаһандық трансформациясы және инвестиция, технология мен логистикалық маршрут үшін бәсекелестік күшейген кезде, іс жүзіндегі экономикалық кооперация ерекше маңызға ие. Осыған байланысты, вице-премьер атап өткендей, декларациялардан бірлескен жобаға, жаңа өндіріске, технологиялық альянстар мен өзара инвестицияларға көшу негізгі міндет болып саналады. «Қазақстан түркі мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын тереңдетуді дәйекті түрде қолдайды. Біз өнеркәсіптік кооперацияны, бірлескен агроөнеркәсіптік жобаларды, көлік-логистикалық дәліздерді, цифрлық платформаларды және электрондық сауданы дамытуда үлкен әлеуетті көріп отырмыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.  Сөз сөйлеу барысында Түркі инвестициялық қорының қызметіне ерекше назар аударылды. Вице-премьердің айтуынша, Қазақстан ТИҚ-ты ТМҰ елдерінің бірлескен жобаларын қолдаудың негізгі қаржылық тетігінің бірі ретінде қарастырады.  «Қазақстан үшін Түркі инвестициялық қоры тек қаржы институтына ғана емес, өзара сауданың өсуіне, жаңа өндіріс құруға және елдеріміз арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін толыққанды экономикалық интеграция платформасына айналуы маңызды», — деп атап өтті ол. Бастапқы кезеңде Түркі инвестициялық қоры бірлесіп қаржыландыру жобаларына $20 млн-нан бастап бағыттауға дайын. Қазіргі уақытта Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруға қордың қатысуы бойынша келіссөз жүргізілуде. Серік Жұманғарин Транскаспий халықаралық көлік бағытын қосқанда, тұрақты көлік маршрутын дамытудың, сондай-ақ Шығыс пен Батыс арасындағы транзит пен сауданың мүмкіндігін кеңейтетін теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғыртудың маңыздылығына назар аударды. Вице-премьер цифрландыру саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті. Оның айтуынша, ТМҰ елдері IT-секторды, стартап-экожүйелерді, цифрлық сервистерді, жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді бірлесіп дамыту үшін көптеген мүмкіндікке ие. Осыған байланысты ол форумға Astana Hub, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және басқа да даму институттары өкілдерінің қатысуын құптады. Серік Жұманғарин атап өткендей, ТМҰ елдерінің бизнес-қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше баса мән беру қажет. «Кәсіпкерлер осы интеграциялық процестердің негізгі қозғаушы күші болып саналады. Сондықтан бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасап, кедергілерді азайту, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, бірлескен бастамаларды қолдап, іскерлік байланыстарды нығайту маңызды», — деп атап өтті ол. Вице-премьер сөзінің соңында Түркі мемлекеттері ұйымына, Түркі мемлекеттері сауда-өнеркәсіп палаталары одағына, «Атамекен» ҰКП-ға, сондай-ақ форумның барлық әріптестері мен ұйымдастырушыларына бірлескен жұмысы және аймақ елдерінің экономикалық өзара іс-қимылын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. @presseconomy
Серик Жумангарин открыл бизнес-форум стран ОТГ

Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Республики Казахстан Серик Жумангарин принял участие в открытии бизнес-форума «Экономическая интеграция и кооперация стран ОТГ: новые возможности в промышленности, АПК, логистике и цифровизации».

Форум объединил в Астане представителей государственных органов, финансовых институтов, торгово-промышленных палат, международных организаций и бизнеса стран Организации тюркских государств.

В своем выступлении Серик Жумангарин подчеркнул, что развитие сотрудничества в рамках ОТГ остается одним из приоритетных направлений внешнеэкономической политики Казахстана.
По его словам, страны ОТГ формируют рынок с населением более 170 млн человек и обладают значительным промышленным, транспортным, аграрным и человеческим потенциалом.

В условиях глобальной трансформации мировой экономики и усиления конкуренции за инвестиции, технологии и логистические маршруты особое значение приобретает практическая экономическая кооперация. В этой связи, как отметил вице-премьер, основной задачей становится переход от деклараций к совместным проектам, новым производствам, технологическим альянсам и взаимным инвестициям.

«Казахстан последовательно выступает за углубление экономической интеграции тюркских государств. Мы видим большой потенциал в развитии промышленной кооперации, совместных агропромышленных проектов, транспортно-логистических коридоров, цифровых платформ и электронной торговли», — отметил Серик Жумангарин.

Особое внимание в ходе выступления было уделено деятельности Тюркского инвестиционного фонда. По словам вице-премьера, Казахстан рассматривает ТИФ как один из ключевых финансовых механизмов поддержки совместных проектов стран ОТГ.
«Для Казахстана принципиально, чтобы ТИФ стал не просто финансовым институтом, а полноценной платформой экономической интеграции, способствующей росту взаимной торговли, созданию новых производств и расширению инвестиционного сотрудничества между нашими странами», 
— подчеркнул он.

На первоначальном этапе Тюркский инвестиционный фонд готов направить от $20 млн на проекты софинансирования. В настоящее время уже ведутся переговоры по участию фонда в финансировании развития инфраструктуры Международного аэропорта Алматы.

Отдельно Серик Жумангарин подчеркнул значимость развития устойчивых транспортных маршрутов, включая Транскаспийский международный транспортный маршрут, а также модернизации железнодорожной и портовой инфраструктуры, что расширяет возможности для транзита и торговли между Востоком и Западом.
Вице-премьер также отметил высокий потенциал сотрудничества в сфере цифровизации. По его словам, страны ОТГ обладают широкими возможностями для совместного развития IT-сектора, стартап-экосистем, цифровых сервисов, искусственного интеллекта и инновационных решений. В этой связи он приветствовал участие в форуме представителей Astana Hub, Международного финансового центра «Астана» и других институтов развития.

Особое внимание, как подчеркнул Серик Жумангарин, необходимо уделять укреплению взаимодействия между бизнес-сообществами стран ОТГ.
«Именно предприниматели являются ключевой движущей силой интеграционных процессов. Поэтому важно создавать максимально благоприятные условия для бизнеса - снижать барьеры, расширять доступ к финансированию, поддерживать совместные инициативы и укреплять деловые контакты», 
— отметил он.


В завершение выступления вице-премьер выразил благодарность Организации тюркских государств, Союзу торгово-промышленных палат тюркских государств, НПП «Атамекен», а также всем партнерам и организаторам форума за совместную работу и значимый вклад в укрепление экономического взаимодействия стран региона.

@presseconomy
1
👌 1
1 400

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Экономика министрлігі 🇰🇿

3.2K
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook*:https://www.facebook*.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram