avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
17.04.2026 18:23
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 КО) ресми түрде әлем чемпионы атағына үміткер мәртебесін беретін жекпе-жекке келісім алды.

Келесі айқаста «Қазақ королі» лақап атымен танымал боксшы австралиялық Джексон Инглэндпен (19-3, 10 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 27 маусым күні қарсыласының жерінде Перт қаласында өтеді.

Бұл кездесу IBF тұжырымы бойынша іріктеу жекпе-жегі саналады. Айқаста жеңіске жеткен боксшы қазіргі әлем чемпионы, мексикалық Эмануэль Наварретеге (40-2-1, 33 КО) қарсы титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне ие болады.

«Уақыты келді. Бұл жай ғана жекпе-жек емес - бұл әлем чемпионы атағына апарар жол», - деп жазды Сұлтан Зауырбек.


Айта кетейік, Зауырбек соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың сәуір айында Астанада өткізіп, оңтүстік африкалық Азинга Фузилені (18-3, 12 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді. Қазіргі таңда ол IBF рейтингінде екінші жартылай жеңіл салмақта үшінші орында тұр.

Ал Джексон Инглэнд IBF рейтингінде бесінші орында.
🔥 9
3
2 919

Обсуждение 2

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

БІРІНШІ БОЛ

12.3K
Бұл парақша – тіркелген спорттық БАҚ «1bol.kz»-ның ресми аккаунты.

Лицензия № KZ40VPY00100286, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан 03.09.2024 жылы берілген.

⚫️ Жарнама бойынша: @olzhas_baibosin
Открыть в Telegram