avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
18.04.2026 23:40
«Ордабасы» мен «Оқжетпес» ойыншыларынан символикалық құрам жинадық. Олжас Байбосынның таңдауымен келісесіз бе?
2 108
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
18.04.2026 22:30
Біздің досымыз Әлімжан Асқар «Челси» МЮ-ге қарсы матчта жеңіске жетеді деп санайды! Келісесіз бе?

Естеріңізге саламыз, Fonteam еуропалық және қазақстандық футболдың басты оқиғалары туралы контент жасап, Чемпиондар Лигасы матчтарының бейнешолуларын көрсетеді. Бізге жазылыңыздар.
3 462
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
18.04.2026 21:04
Мадридтік «Реалда» бас бапкер мәселесі қыза түсті. Клуб президенті Флорентино Перес Юрген Клопп кандидатурасын қолдаса, команданың басты жұлдызы Килиан Мбаппе басқа шешімді қалайды.

Француз шабуылшысы клубқа Зинедин Зидан қайтаруды ұсынған. Ол үшін Зидан – бала күнгі кумир әрі идеалды бапкер.

Ал Зидан әзірге нақты жауап бермеген: оның басты мақсаты – 2026 жылғы ӘЧ-ден кейін Франция құрамасы, бірақ «Реалға» оралу нұсқасын жоққа шығармайды.

Енді Перес алдында таңдау тұр: жүйелі Клопп па, әлде Мбаппенің қалауы – Зидан ба.
😁 3
1
3 2 733
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
18.04.2026 20:23
ҚПЛ-дің 6-турында «Астана» өз алаңында «Елимаймен» 2:2 есебімен тең ойнады.
Томасов 1-минутта есеп ашқанымен, Жумаханов пен Плакка (5, 27) қонақтарды алға шығарды.

Екінші таймда 18 жастағы Максат Абраев 47-минутта гол соғып, елордалықтарды жеңілістен құтқарды.

Осы нәтижеден кейін «Елимай» 12 ұпаймен екінші, ал «Астана» 9 ұпаймен бесінші орында тұр.
👍 8
3 766
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
18.04.2026 19:52
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов әлеуметтік желіде Сабыржан Аққалықовпен өткен спаррингтің архивтік видеосын жариялады.

Оның айтуынша, 2020 жылы Абай қаласында өткен бұл жаттығу екі боксшы үшін де маңызды тәжірибе болған. Жүсіпов сол кезде Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындалса, Аққалықов жастар арасындағы әлем чемпионатына әзірленген.

Боксшы мұндай тәжірибе алмасу спортшылардың бір-бірін шыңдап, өсуіне ықпал ететінін атап өтті.
👍 7
1
2 793
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
18.04.2026 15:00
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан америкалық даңқты спортшы Кайл Снайдермен көз түйістірді.

19 сәуірде Филадельфия қаласында өтетін RAF 08 турнирінде олар жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін реванш жекпе-жегін өткізеді.

Еске салайық, 2025 жылы Алматыда өткен алғашқы кездесуде Снайдер 8:0 есебімен жеңіске жеткен.

Айтмұхан — 2023 жылғы әлем чемпионы. Ал Снайдер — Олимпиада чемпионы және бірнеше дүркін әлем чемпионы.
10
2 958
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
18.04.2026 13:52
Қазақстандық таэквондо шебері Айым Серікбаева Ташкентте (Өзбекстан) өткен 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үздік спортшы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстан таэквондо федерациясының Instagram* парақшасында чемпионды марапаттау сәтінен видео жарияланды. Жеңімпазға арнайы статуэтканы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің күйеу баласы, яғни үлкен қызы Саида Мирзиёеваның жұбайы Ойбек Турсунов табыстады. Салтанатты рәсім кезінде Серікбаева иығына Қазақстан туын жамылып шықты.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айым алты жекпе-жекте жеңіске жетіп, 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында мексикалық Ширли Понсе Нуньесті 2:0 есебімен жеңді. Осылайша, Серікбаева 20 жылдан кейін Қазақстанға жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалін әкелді. Бұған дейін еліміз соңғы рет 2006 жылы осы деңгейде «алтын» жеңіп алған еді.
8
3 5 915
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
18.04.2026 12:58
«Ахмат» клубының бас бапкері Станислав Черчесов РПЛ-дің 25-туры аясында «Спартакқа» қарсы матч алдында команда капитаны Лечи Садулаевтың ойынға қатыспайтынына қатысты пікір білдірді.

Маманның айтуынша, сары қағаздардың шегіне жеткен Садулаевтың орнына балама ойыншылар жеткілікті.

«Мансилья да, Кенжебек те бар. Қайсысы дайын болса, соған мүмкіндік береміз. Тактикалық тұрғыда да шешім қабылдаймыз», — деді ол клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.


Қазақстандық Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» сапына қысқы трансфер кезінде қосылған. Әзірге ол РПЛ-де үш матчқа қатысып, нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ.

Айта кетейік, Спартак — Ахмат матч 19 сәуір күні өтеді. Ойынның басталуы — сағат 19:00 (Қазақстан уақыты).
3
🤣 1
1 980
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
17.04.2026 18:43
Мадридтік “Реал” жазғы трансфер кезеңінде құрамын күшейтуді жоспарлап отыр. Клубтың басты нысанасына Родри Эрнандес айналды.

Неміс маманының пікірінше, командаға ойын ырғағын бақылап, шабуылды жүйелей алатын тірек жартылай қорғаушы жетіспейді. Осы олқылық маусым барысында анық байқалды.

Родри — тәжірибесі мол, алаңда көшбасшылық қасиетімен ерекшеленетін ойыншы. Ол Ла Лигаға да жақсы бейімделген.

Алайда трансфердің жүзеге асуы қаржылық мәселеге тіреліп отыр. Клуб президенті Флорентино Перес ойыншы үшін жоғары баға төлеуге асығар емес.

Соған қарамастан, тараптар арасында алғашқы байланыс орнатылған. Егер келісім жүзеге асса, бұл жаздың ең ірі трансферлерінің біріне айналуы мүмкін.
🔥 6
1
2 1.2K
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
17.04.2026 18:37
Англия құрамасының аңызы Гари Линекер португалиялық жұлдыздың Instagram* желісінде өзінен жазылымын алып тастағанын мәлімдеді. Бұған себеп — оның Лионель Месси туралы пікірі.

Линекер Мессиді Роналдудан мықты деп санайтынын ашық айтқан.

«Мен оны ешқашан қорлаған емеспін, тек өз пікірімді білдірдім», — деді ол.


Соған қарамастан, Линекер жағдайды әзілмен қабылдап:

«Криштиану, хабарлас — қайтадан дос болайық», — деп үндеу жасады.
10
🔥 2
2 1 1K
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
17.04.2026 18:24
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC нұсқасы бойынша орта салмақта чемпиондық жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды.

Мәліметке сәйкес, Нұрсұлтанов уақытша чемпиондық белбеу үшін айқас өткізу мүмкіндігіне ие болған. Қазіргі таңда қарсылас тараптың жауабы екі апта ішінде белгілі болады деп күтілуде. Сондай-ақ боксшы бұған дейін екі мәрте берілмеген АҚШ визасын да алған.

Айта кетейік, WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы - доминикандық Карлос Адамес. Ал уақытша чемпиондық белбеуді 2024 жылдың желтоқсанында америкалық Хесус Рамос иеленген. Бұл салмақта Қазақстан атынан тағы бір чемпион - Жәнібек Әлімханұлы өнер көрсетеді. Ол WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, сондай-ақ бұған дейін IBF белбеуінің иегері болған. Алайда допинг сынамасынан кейін аталған титулынан айырылған.

Мейірім Нұрсұлтанов соңғы екі жыл бойы шаршы алаңға шыққан жоқ. Ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылы өткізіп, чилилік Хулио Аламосты төрешілер шешімімен жеңген еді.
8
937
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
17.04.2026 18:23
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 КО) ресми түрде әлем чемпионы атағына үміткер мәртебесін беретін жекпе-жекке келісім алды.

Келесі айқаста «Қазақ королі» лақап атымен танымал боксшы австралиялық Джексон Инглэндпен (19-3, 10 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 27 маусым күні қарсыласының жерінде Перт қаласында өтеді.

Бұл кездесу IBF тұжырымы бойынша іріктеу жекпе-жегі саналады. Айқаста жеңіске жеткен боксшы қазіргі әлем чемпионы, мексикалық Эмануэль Наварретеге (40-2-1, 33 КО) қарсы титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне ие болады.

«Уақыты келді. Бұл жай ғана жекпе-жек емес - бұл әлем чемпионы атағына апарар жол», - деп жазды Сұлтан Зауырбек.


Айта кетейік, Зауырбек соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың сәуір айында Астанада өткізіп, оңтүстік африкалық Азинга Фузилені (18-3, 12 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді. Қазіргі таңда ол IBF рейтингінде екінші жартылай жеңіл салмақта үшінші орында тұр.

Ал Джексон Инглэнд IBF рейтингінде бесінші орында.
🔥 9
3
2 919
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
17.04.2026 16:18
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Әділет Алмат Ордоста (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды.

Қазақстандық дзюдошы 81 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында тәжікстандық Сомон Махмадбековті жеңді.

Осылайша Әділет Алмат Азия чемпионатын алтын медальмен аяқтады.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында үш жүлде бар. Бұған дейін Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль алған еді.
👍 8
3
3 980
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
17.04.2026 16:05
«Астана» баскетбол клубының бас бапкері Рамунас Цвирка өмірден өтті.

Клубтың баспасөз қызметі оның 59 жасында дүниеден озғанын ресми түрде мәлімдеді.

«Астана» баскетбол клубы бас бапкер Рамунас Цвирканың қайтыс болғанын хабарлайды. Ол саналы ғұмырын баскетболды дамытуға арнаған білікті де тәжірибелі маман еді. Оның жетекшілігімен команда жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, әрдайым нәтижеге ұмтылды. Цвирканың клуб пен ойыншылардың қалыптасуына қосқан үлесі орасан зор. Клуб ұжымы, ойыншылар мен басшылық марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады», – делінген хабарламада.


Еске сала кетейік, Рамунас Цвирка «Астана» клубының тізгінін 2025 жылдың маусымында ұстаған еді. Бапкерлік жолын ол 2004 жылы Литва чемпионатында бастап, 2008 жылы «Азовмаш» клубында ассистент-бапкер ретінде Украина Суперлигасының чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алуға үлес қосты.
10
4 1 1.1K
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
17.04.2026 12:10
Лионель Месси испан футболында жаңа белеске қадам басты. Қазір АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнап жүрген аргентиналық жұлдыз каталониялық «Корнелья» клубын сатып алып, оның иесі атанды.

Клубтың баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми сайтында жариялап, Мессидің бұл қадамы оның Барселонамен тарихи байланысының әлі де үзілмегенін айғақтайтынын атап өтті.

«Бұл шешім Мессидің Каталониядағы спортты дамытуға және жергілікті таланттарды қолдауға деген ұмтылысын көрсетеді. Оның Барселонамен байланысы ойыншы ретіндегі жылдарында қалыптасып, бүгінге дейін жалғасып келеді», – делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, «Корнелья» клубы 1951 жылы құрылған. Қазіргі таңда команда Испанияның үшінші дивизионында өнер көрсетеді. Өз матчтарын 1500 орындық «Ноу Камп Мунисипаль» стадионында өткізеді.
15
4 1.2K
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
17.04.2026 12:03
Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлымен реванштан бас тартты деген ақпаратты жоққа шығарып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Файтердің айтуынша, желіде тараған бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

«Қазір біреулер мен Марсельмен реванштан қашып жүр деген жалған ақпарат таратып жатыр. Бұған сенбеңіздер. Маған реванш туралы ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Марсель қазір сол жекпе-жектің әсерінен әлі де эйфорияда жүр. Уақыт өте келе, үш ай, жарты жыл, бір жыл өткен соң басылады. Сол кезде оған да үлкен айқас қажет болады, сонда өзі-ақ келеді. Ал «Тоқтар реванштан қашып жүр» деген әңгімелер - негізсіз. Мұндай жазбаларды көрсеңіздер, шындық емес екенін біліңіздер. Мен өз аузыммен айтпайынша, сенбеңіздер. Қалай мен қашамын? Керісінше, реванш маған керек. Мүмкін, керісінше, Марсель өзі «жеңдім» деп, реванштан жалтарып жүрген шығар», – деді ол.


Сондай-ақ Тоқтар реванштың уақыты әлі алда екенін атап өтті.
11
🔥 1
4 1.2K
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
16.04.2026 19:48
Ермұхамед Мәулен «Ордабасы» ФК президентінің кеңесшісі қызметінен кеткенін мәлімдеді.

«Сонымен, «Ордабасы» клубы президентінің кеңесшісі қызметінен кеттім. 5-қаңтарда жұмысқа орналасқан едім. Осы аз уақыттың ішінде клуб шаруасына бел шеше араласып, біршама жобаның басы-қасында болдым. Клубқа демеушілер тартып, жаңа инвестордың келуіне де себепшілердің бірі болдым», — деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
👍 23
😢 8
4
👎 1
7 1 1.4K
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
16.04.2026 19:38
Чемпиондар лигасының ширек финалдарынан кейін «Алтын доп» үшін таласта жаңа фаворит пайда болды.

Polymarket Sports деректеріне сәйкес, үміткерлер тізімінде бірінші орынға Харри Кейн шықты. «Бавария» шабуылшысының жеңіске жету мүмкіндігі қазіргі уақытта 29 пайызға бағаланып отыр, бұл оны жыл үздігі атағына басты үміткер етеді.

Екінші орынды бірден екі ойыншы бөлісіп тұр — Кейннің «Бавариядағы» әріптесі Майкл Олисе мен «Барселона» вингері Ламин Ямаль. Олардың әрқайсысының мүмкіндігі 16 пайыздан.

Келесі орында мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе тұр — 14 пайыз.

Айта кету керек, Кейннің жеке статистикасы да әсерлі. Ағымдағы маусымда ол барлық турнирде 42 матч өткізіп, 50 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.
4
1.2K
avatar
БІРІНШІ БОЛ
@b1rinshibol
16.04.2026 19:23
Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының бас бапкері Жорже Жезуш Криштиану Роналдудың матч кезінде өзін жайсыз сезінгенін мәлімдеді.

Про-лиганың 29-туры аясында «Әл-Иттифаққа» қарсы өткен кездесуде (1:0) Роналду 89-минутта ауыстырылған. Ойыннан кейін бапкер оның жеңісті командамен бірге атап өтпеуінің себебін түсіндірді.

Жезуштің айтуынша, португалиялық шабуылшының үзілістен кейін алаңға мүлде шықпауы да мүмкін болған. Ойын барысында оның асқазаны ауырып, жағдайы күрт нашарлаған.

«Криштиану өзін жайсыз сезінді, көңіл-күйі де болмады. Ауыстырылған соң бірден киім ауыстыратын бөлмеге барып, сол жерде құсты. Тәжірибе қанша болса да, ойыншының эмоциялық әрі физикалық жағдайы шешуші рөл атқарады. Қазір маусымның ең жауапты кезеңіне жақындап келеміз. Сондықтан ол матч соңында командамен бірге болмады», – деді Жезуш.

Осылайша, Роналдудың ойыннан кейінгі әрекеті оның денсаулығына байланысты болғаны анықталды.
7
1.2K

БІРІНШІ БОЛ

12.3K
Бұл парақша – тіркелген спорттық БАҚ «1bol.kz»-ның ресми аккаунты.

Лицензия № KZ40VPY00100286, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан 03.09.2024 жылы берілген.

⚫️ Жарнама бойынша: @olzhas_baibosin
Открыть в Telegram