❗❗❗Reuters: Ресей "Дружба" құбырымен Қазақстан мұнайын Германияға экспорттауды тоқтатпақ
Ресей "Дружба" құбыры арқылы Қазақстаннан Германияға мұнай жеткізуді 1 мамырдан бастап тоқтатпақ. Бұл жөнінде өз дереккөздеріне сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады.
Аты-жөнін жарияламауды сұраған дереккөздер агенттікке мұнай экспорттаудың өзгертілген кестесі Қазақстан мен Ресейге жіберілгенін айтқан.
Ресейдің де, Қазақстанның да құзырлы органдары бұл жаңалыққа жария жауап берген жоқ. Ал Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Reuters-ке мұнай экспортын тоқтату жоспарынан хабары жоқ екенін айтқан.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram