avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.04.2026 16:30
"Хочу жить": Орталық Азиядан шыққан 13 мыңға жуық адам Украинада Ресей үшін соғысып жүр

Украиналық "Хочу жить" жобасы Орталық Азия елдерінен шыққан 12 666 азаматтың Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырғанын анықтаған. Бұл дерек жобаның Telegram-дағы "Украина – Орталық Азия" дейтін каналында жарияланды.

Келісімшартқа отырғандардың ең көбі Өзбекстаннан шыққан. Олардың саны – 4853 адам. Одан бөлек, Тәжікстаннан 3407, Қазақстаннан 2389, Қырғызстаннан 1439 және Түркіменстаннан 578 адам бар.

Ресей сапында соғысуға бел буғандар саны кейінгі жылда күрт артқан. Былтыр көктемде және жазда жоба тізімінде Орталық Азия елдерінен 5740 адам, яғни қазіргі көрсеткіштен екі есе аз адам болған. Жоба авторлары деректерді нақтылау жалғасып жатқанын айтады. Әзірге Ресей әскеріне қосылған Орталық Азия азаматтарының нешеуі қаза тапқаны айтылмады.
Азаттық радиосы
"Хочу жить": Орталық Азиядан шыққан 13 мыңға жуық адам Украинада Ресей үшін соғысып жүр
Украиналық "Хочу жить" жобасы Орталық Азия елдерінен шыққан 12 666 азаматтың Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырғанын анықтаған. Бұл дерек жобаның Telegram-дағы "Украина – Орталық Азия" дейтін каналында жарияланды. Келісімшартқа отырғандардың ең көбі Өзбекстаннан шыққан. Олардың...
🤬 14
😢 9
👎 2
1
😡 1
4 1.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram