avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
20.04.2026 11:08
Еуропаның үш елінде балалар тағамынан егеуқұйрыққа қарсы қолданылатын у табылды

Австрия полициясы HiPP балалар тағамының құтысынан егеуқұйрыққа қарсы қолданылатын у табылғанын хабарлады. Сөйтіп қауіпсіздік мақсатында осы елдегі Spar супермаркет желісінің 1500-ден астам дүкенінен бұл тағам алынып тасталды.

Хабарламаға қарағанда, у картоп пен сәбіз қосылған балалар тағамының 190 грамдық құтысынан табылған. Тексеріске бір сатып алушының шағымы түрткі болған.

Чехия мен Словакия полицейлері тәркілеген сондай құтылардың бастапқы зертханалық талдауы тағам құрамынан улы затты анықтаған. Полиция бұдан өзге деректерді хабарламады.

HiPP компаниясы Reuters ақпарат агенттігіне өз өнімінен егеуқұйрыққа қарсы у табылғанын растады. Қауіпсіздік шарасы ретінде қос елдегі сауда орындарынан HiPP балалар тағамы толықтай алынған. Мұның алдында компания бұл жатты "сыртқы тараптың қылмыстық әрекетінен туған жағдай" деп атаған.

Полицияның мәлімдеуінше, қауіпті құтылардың айрықша белгілері бар: құтының қақпасы ашық не бүлінген болады және құты түбінде қызыл шеңбері бар ақ жапсырма бар және құтыдан қалыптан тыс иіс шығады.
Азаттық радиосы
Еуропаның үш елінде балалар тағамынан егеуқұйрыққа қарсы қолданылатын у табылды
Австрия полициясы HiPP балалар тағамының құтысынан егеуқұйрыққа қарсы қолданылатын у табылғанын хабарлады. Сөйтіп қауіпсіздік мақсатында осы елдегі Spar супермаркет желісінің 1500-ден астам дүкенінен бұл тағам алынып тасталды. Хабарламаға қарағанда, у картоп пен сәбіз қосылған балалар тағамының...
😨 17
🤬 3
1.2K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram