Ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Мұхтар Шаханов 1942 жылы бүгінгі Түркістан облысында дүниеге келген. Совет дәуірінде «Оңтүстік Қазақстан», «Лениншіл жас» сияқты түрлі басылымдарда түрлі қызмет атқарған. Республикалық «Жалын» журналын басқарған.
1993-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы елшісі болды. 2004 жылы парламент мәжілісінің депутаты болған.
Ақынның поэмалары мен балладалары 20-дан астам тілге аударылған. Арасында Шыңғыс Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы мен «Сократты еске алу түні» драмасы да бар.
Ақын Қазақстандағы қоғамдық-саяси мәселелерге де пікірін білдіріп отырған. Әсіресе, қазақ тілінің ахуалына көп алаңдаушылық білдірген. 2011 жылы елде Мұхтар Шаханов бастаған бір топ адам биліктен қазақ тілінің мәртебесін жоғарлатуды, Конституциядан орыс тілінің ресми тіл статусын алып тастауды талап еткен. Бірақ Конституциядағы тілге қатысты баптар өзгеріссіз қалған.
😢50
🕊16
❤8
👍1
👎1
🙏1
5 2.8K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram