avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
19.04.2026 14:11
Зеленский Ресей мұнайына салынған санкцияны тоқтатқан АҚШ-тың шешімін айыптады

“Ресейге қарсы санкцияны әрі қарай да жұмсарту соғыстағы шынайы жағдай мен дипломатияға қайшы, ол Ресей басшылығын соғысты жалғастыруға ынталандырады” деп жазды Украина президенті әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде.

Зеленский дегенмен мәлімдемесінде АҚШ-ты атамайды, санкцияны тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешімге ғана тоқталады.

Оның сөзінше, қазір теңізде Ресейдің тасадағы флотының 110-нан астам танкері бар. Олар 12 млн тоннадан астам Ресей мұнайын тиеп алған. Ресей “санкция жұмсарғандықтан оларды еш қиналмай сата алады” деді Украина басшысы.

“Бұл 10 млрд доллар – Украинаға жасалатын жаңа соққыға айналатын ресурс” деді Зеленский.

18 сәуірге қараған түні Дональд Трамп әкімшілігі Ресей мұнайына салынған санкцияны тоқтату мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін құжатқа қол қойған. Ол елдерге санкцияға ілінген Ресей мұнайы мен мұнай өнімдерін сатып алуға мүмкіндік береді.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы тұсында Ормуз бұғазы жабылып, халықаралық нарықта мұнай қымбаттағаннан кейін Вашингтон шикізаттың бағасын осылайша тежеуге тырысып отыр.
🤬 30
🤯 6
3
👍 2
1.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram