avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
19.04.2026 14:00
Axios: АҚШ мемлекеттік департаментінің делегациясы бейресми түрде Кубаға барды

АҚШ мемлекеттік департаментінің делегациясы 10 сәуірде Кубаға барды. Бұл президент Барак Обама кезеңінен бергі алғашқы сапар деп жазды Axios. Сапар ресми түрде хабарланбады.

Америка шенеуніктері Куба басшыларымен жабық жағдайда кездесу өткізді.

Axios-тың жазуынша, келіссөздің негізгі тақырыбы Вашингтон талап етіп отырған ауқымды саяси және экономикалық реформалар болған. Есесіне АҚШ экономикалық көмек көрсету, ұзақ жылдан бергі сауда эмбаргосын алып тастау, сонымен бірге Starlink жүйесіне қол жеткізу мәселесін қарастыруға дайын.
👍 21
1
🤔 1
1.2K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram