Қазақстанда 2050 жылға қарай кемінде үш атом электр станциясы
жұмыс істейтін болады
Бұл жөнінде атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясында айтылған.
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің айтуынша, бұл құжат "атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарын, тәсілдерін және басым бағыттарын айқындайды".
"Стратегияға сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстан Республикасында кемінде үш атом электр станциясы жұмыс істейтін болады. Бұл ретте бірінші АЭС жобасын іске асыру басталды, екінші станцияның құрылысы қарау сатысында тұр, ал үшінші АЭС үшін перспективалық бағыт ретінде шағын модульдік реакторлар технологияларын қолдану мүмкіндігі зерттелуде" деп жазылған агенттіктің хабарламасында.
Қазақстан билігі бұған дейін елде алғашқы атом электр станциясын Ресей салып беретінін, одан кейінгілерін Қытай салатынын мәлімдеген. Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сатқалиев екі АЭС – Алматы облысында, бір АЭС Батыс Қазақстанда орналасатынын айтқан.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram