avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
17.04.2026 20:35
Тоқаев Анталия форумында БҰҰ-ны сынап, реформа қажетін айтты

🇰🇿 17 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы Анталия дипломатиялық форумында сөйлеп, БҰҰ рөлі әлсірегенін мәлімдеді.

🇺🇳 "Маңызды келіссөздер БҰҰ-дан тыс өтіп жатыр. Бұл – ұйым рөлінің төмендегенін көрсетеді", – деді ол.

Президент БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі кей жағдайда жаһандық мәселелерді шешуге кедергі келтіріп отырғанын айтып, халықаралық институттарды реформалауға шақырды.

Сондай-ақ орта державалардың рөлін атап өтті:
🗣"Қазақстан мен Түркия жауапкершілік танытып отыр".

Тоқаев превентивті дипломатияны күшейту қажеттігін де айтты.

📍 Қазақстанда Тоқаевтың кандидатурасы БҰҰ Бас хатшылығына ұсынылуы мүмкін деген болжам біраздан бері айтылып жүр. Reuters мұндай сөздің жаны бар екенін жазған, бірақ Тоқаевтың өзі бұған дейін БҰҰ-ға бару жоспары жоғын мәлімдеген.
🖕 20
🤡 9
7
💩 4
🤔 3
🔥 2
1 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram