Azattyq - Азаттық @azattyq 17.04.2026 20:03 Скопировать Пожаловаться ️ ️️️️️ Каспий жағасынан жүзге жуық итбалық өлексесі табылды 🦭 17 сәуірде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында, Каспий теңізі жағасынан 97 итбалықтың өлексесі табылды. 🔎 Оқиға бойынша арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оқиға орнына экологтар, ветеринарлар, полиция және ғылыми ұйым өкілдері барған. 🔬 Мамандар сынама алып, зерттеу жүргізіп жатыр. Кейін өлекселер белгіленген тәртіппен жойылады. 🔺 Алдын ала мәлімет бойынша, итбалықтар бір ай бұрын қырылған болуы мүмкін, ал қатты жел оларды енді ғана жағалауға шығарған деген болжам бар. 👎 17 😢 8 🤔 2 ❤ 1 2 1.3K
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram