avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
17.04.2026 10:18
2028 жылға қарай әлемде төрт миллионнан астам адам босқынға айналуы мүмкін

📈 Болжам: Данияның босқындар кеңесі 2027 жылдың аяғына дейін қақтығыстар мен гуманитарлық көмектің азаюынан әлемде тағы 4 миллионнан астам босқын пайда болуы мүмкін дейді.

🌍 Қазіргі жағдай:
Халықаралық Қызыл Крест комитеті дерегінше, әлемде 117 миллион адам мәжбүрлі түрде қоныс аударған.

💥 Қақтығыстар:
21-ғасырдың басымен салыстырғанда әлемде екі есе артып, 130-ға дейін жеткен.

🗣 Судан дағдарысы:
Африкадағы бұл елде төрт жылға созылған соғыс салдарынан 13,5 миллион адам босқынға айналған, алдағы екі жылда оларға тағы 670 000 адам қосылуы ықтимал.

💵 Қаржыландыру тапшылығы:
Чадтағы босқындарға гуманитарлық көмек (су, азық-түлік) жеткізу тоқтап қалу қаупі төніп тұр.
😢 13
🤔 3
1
2 5.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram