avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
16.04.2026 17:18
Павлодарда бір сарбаз оқ тиіп қаза тауып, екіншісі жараланған

⚡ Павлодардағы әскери бөлімде келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген сарбаз оқ тиіп қаза тауып, екіншісі ауыр жараланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқ қаза тапқан сарбазға бекітілген қарудан атылған. Зардап шеккен екінші жауынгер Павлодардағы №1 ауруханада жатыр, дәрігерлер ооның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты дейді.

📍 Бейресми ақпарат бойынша, қайғылы оқиға 15 сәуір күні кешке №6679 әскери бөлімінің қызметкерлері сот қарауылынан қайтып келе жатқанда болған.

📌 ІІМ бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Істі Бас әскери прокуратура бақылауға алған.

🗣 Кейінгі жылдары Қазақстанда әскери қызметкерлер мен курстанттар арасында мезгілсіз қаза жиілеп кеткені қоғамда үлкен резонанс тудырып келеді.
😱 11
🤬 9
1
2 1.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram