avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
16.04.2026 15:24
️️ АҚШ Ресей мен Иран мұнайына берілген лицензияларды ұзартпайды

🇺🇸 АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтон Ресей және Иран мұнайын сатып алуға мүмкіндік берген уақытша лицензиялардың мерзімін ұзартпайтынын мәлімдеді.

🫵 АҚШ Қытай бұл екі елден мұнай алуды тоқтатады деп күтеді. Бессенттің сөзінше, қытайлық екі банкке қосалқы санкция қаупі туралы ескерту жасалған. Егер Иран қаражаты солар арқылы өткені дәлелденсе, шектеу енгізілуі мүмкін.

📈 Нарық реакциясы:
• Ресей мұнайына қатысты лицензия мерзімі 11 сәуірде аяқталды
• Иран мұнайына берілген рұқсат 19 сәуірде бітеді
• Brent маркалы мұнай бағасы қайтадан 100 доллардан (бір баррелі) асты

📍 Бұл лицензиялар Ормуз бұғазындағы дағдарыс кезінде күрт өсіп кеткен мұнай бағасын тұрақтандыру үшін уақытша енгізілген еді.
👍 22
3
1 1.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram