avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
16.04.2026 10:19
️ Трамп Қытай Иранға қару бермеуге келіскенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай Вашингтонмен Иранға қару-жарақ жеткізбеу туралы келісімге келгенін айтты.

"Олар Иранға қару жеткізбеуге келісті", деп жазды Трамп Truth Social-да.

Сондай-ақ ол алдағы апталарда Қытайға барып, Си Цзиньпинмен кездесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

📍 АҚШ пен Иран қазір келіссөздің екінші кезеңін талқылап жатыр деп жазды Батыс басылымдары. Кездесу келесі аптаның соңында Исламабадта өтуі мүмкін.

⏳ Bloomberg тараптар 21 сәуірде аяқталатын уақытша бітімді тағы екі аптаға ұзартуды да қарастырып жатыр деп жазды.

Негізгі түйткілдер:
• Иранның ядролық бағдарламасы
• Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы

📌 Алғашқы кездесу 11 сәуірде Пәкістанда өтіп, нәтижесіз аяқталған.
🤔 13
👍 10
👎 2
😁 1
2 1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram