АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстан вице-премьерімен кездесті
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және АҚШ-пен келіссөздер бойынша арнайы өкіл Ержан Қазыхановпен Вашингтонда кездесті. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік департаменті ресми өкілінің орынбасары Томми Пиготт Азаттыққа хабарлады.
Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты арттыру мәселесі талқыланған. Рубио мен Жұманғарин «Қазақстанның бейбітшілік орнату және аймақтағы бастамалардағы рөлін және АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту мәселесін» сөз еткен.
«Мемлекеттік хатшы Қазақстанның С5+1 дипломатиялық платформасына белсенді қатысып отырғанын және аймақтық ынтымақтастықты дамытудағы жетекші рөлін құптайды. АҚШ Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдауды жалғастыра береді және АҚШ-Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті бұдан да әрі дамытуға ниетті» деді мемлекеттік департамент өкілі.
👍14
🔥5
😁1
3 1.4K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram