avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
15.04.2026 17:01
Қазақстанда билікті қолдайтын партиялар қатарына жаңа ұйым қосылуы мүмкін

Қазақстанда "Әділет" атты жаңа саяси партия құру бастамасы жарияланды. Бастамашыл топ ұйым прогрессивті реформаларды, билік жариялаған "Әділетті Қазақстан" идеясын қолдауды, заң үстемдігі және азаматтардың шешім қабылдауға қатысуын кеңейтуді көздейді деп мәлімдеді.

📌 Партияның миссиясы — жаңа Конституция нормалары толық орындалуын қамтамасыз ету.

🎯 Басымдықтары:
▪️ барлық азаматқа тең мүмкіндік
▪️ кландық және өңірлік ықпалды азайту
▪️ тәуелсіз сот және құқық қорғау жүйесі
▪️ экономикалық әділеттік пен тұрақты даму

👥 Бастамашыл топ құрамында биыл қаңтарда президент Тоқаевтың шешімімен Конституция жобасын әзірлеу жөніндегі комиссия құрамына енген адамдар бар.

🗓 Ұйымдастырушылар 16 сәуірде Әділет министрлігіне өтініш жолдап, көп ұзамай құрылтай жиынын өткізуді жоспарлап отыр.

🏛 Қазір Қазақстанда ресми тіркелген 7 партия бар.
💩 30
🤣 21
🤬 5
🥱 3
2
🔥 1
2 1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram