avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
15.04.2026 12:51
️ Ресей Думасы президентке шетелдегі ресейліктерді қорғауға әскер жұмсауға рұқсат беретін заңды бірінші оқылымда мақұлдады

Ресей мемлекеттік думасы президентке әскерді шетелде қамауға алынған немесе шетелдік/халықаралық соттар қудалаған ресейліктерді қорғауға пайдалануға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

🪖 Құжатта президентке Ресей қатыспайтын шетелдік немесе халықаралық соттар шешімімен қудаланған ресейлік азаматтарды қорғау үшін әскер жіберуге өкілеттік беру көзделген.

❗️ Заң жобасында әскердің нақты қалай қолданылатыны көрсетілмеген.

📌 Қазір шетелде әскер қолдану үшін президентке Федерация кеңесінің рұқсатын алу қажет. Путинге дәл осындай рұқсат 2022 жылы Ресей әскері Украинаға басып кірер алдында берілген.

📍 Бұл құжат әлі екінші және үшінші оқылымнан өтуге тиіс.
🤬 21
💩 15
🤣 9
1
2 1.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram