avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
15.04.2026 12:10
15 сәуірден бастап мобильді аударымдар тексеріле бастайды

Қазақстанда салық органдары банктердің бірінші тоқсан деректеріне сүйеніп, азаматтардың мобильді аударымдарын талдауға кіріседі.

Тексерудің жаңа тетігі мынадай жайттарды назарға алады:
▪️ 3 ай бойы ай сайын 100+ адамнан ақша түссе
▪️ бұл үрдіс үздіксіз қайталанса
▪️ түскен жиынтық қаржы 1 млн 20 мың теңгеден көп

📩 Ондай шот иелеріне мамырдан бастап e-Salyq, жеке кабинет немесе SMS арқылы хабарлама келеді. Жауап беруге 30 жұмыс күні берілмек.

✅ Туыстар көмегі, тойға ақша жинау, сыйлық, қайырымдылық, қарыз қайтару секілді жеке аударымдарға салық салынбайды.

⚠️ Ал егер төлемдерден тауар/қызмет үшін жүйелі табыс белгісі анықталса, азаматқа жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, салық төлеу және бизнес-шот қолдану міндеттелуі мүмкін.

💸 Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны дәлелденсе айыппұл 15-100 көлемде АЕК, табысты жасырғаны анықталса салықтың 20-50% көлемінде айыппұл және өсімпұл қарастырылған.
🤔 9
🤬 7
2
🔥 1
10 1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram