avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
15.04.2026 10:07
Жаңаөзенде қыз алып қашқан 5 жігіт сотталды

Маңғыстау облысында сот қызды еркінен тыс көлікке салып, ұрлап әкеткені дәлелденді деп тапқан 5 жігітті үш жылға бостандығынан айырды.

2025 жылғы 16 желтоқсанда түнгі уақытта үйіне кіріп бара жатқан қызды бейтаныс адамдар күштеп көлікке салып алған.

"Адам ұрлау" және "Некеге отыруға мәжбүрлеу" баптары бойынша сотта қаралған іс бойынша шыққан үкім заңды күшіне енді.

⚖️ Былтыр Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа бапқа сай, адамды некеге мәжбүрлеу қылмысы үшін 10 жылға дейін жаза қарастырылған. Соған қарамастан, қыз алып қашу елде әлі де тыйылмай тұр дейді бақылаушылар.

▪️ 2026 жылғы ақпан: Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында екі азамат қызды некеге мәжбүрлеу мақсатында ұрлағаны үшін 3 жылға сотталды.
▪️ 2025 қазан: Таразда бірнеше жігіт қызды аялдамада жұрт көзінше көлікке күштеп отырғызып әкеткен. Кейін 3 күдікті ұсталды.
▪️ 2024 жылғы сәуір: Шымкент соты әлеуметтік желіде танысқан қызды алып қашпақ болған Жаңаөзен тұрғынына 4 жыл шартты жаза кесті.

📌 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қаңтарда: "Қыз алып қашу – адам ұрлау, бұл – жабайы қылмыс" екенін айтып, мұндай әрекетке ешқашан жол бермеу керек деп мәлімдеген.
22
👍 10
👎 5
🤔 3
4 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram