avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
14.04.2026 19:54
Түркияда лицейге шабуылдан кемінде 16 адам жараланды

14 сәуірде Түркияның Сиверек қаласындағы кәсіптік-техникалық лицейде болған қарулы шабуыл салдарынан кемінде 16 адам жараланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқу орнының бұрынғы студенті ұңғысы ұзын қарумен алдымен мектеп ауласында, кейін ғимарат ішінде бей-берекет оқ жаудырған.

▪️ Жараланғандардың көбі — оқушылар
▪️ Кейбірі құтылу үшін терезеден секірген
▪️ Қаза тапқандар туралы хабар түскен жоқ
▪️ Күдікті өз-өзіне қол жұмсаған деген ақпарат тарады
▪️ Шабуылдың себебі әзірге белгісіз

Түркия билігі оқиға бойынша ауқымды тергеу басталғанын хабарлады.
🤬 24
😢 3
2
👍 1
1 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram