🇺🇸 🇮🇷 БАҚ: АҚШ пен Иран келіссөзді қайта жалғастыруы мүмкін
АҚШ пен Иран өкілдері осы аптада Исламабадта қайта кездесуі ықтимал деп жазды Reuters. 11 сәуірдегі келіссөз нәтиже бермеді, ал шабуылды тоқтату туралы уақытша бітімнің мерзімі 21 сәуірде аяқталады.
Негізгі түйткіл — Иранның ядролық бағдарламасы. The New York Times Вашингтон Иранға уран байытуды 20 жылға тоқтатуды, ал Тегеран 5 жылдық мораторий ұсынған деп жазды. Президент Дональд Трамп мұндай ақпаратты "жалған" деп атады.
▪️ АҚШ Иранға теңіз құрсауын жариялады
▪️ Трамп құрсауды бұзған кемелер жойылуы мүмкін деп ескертті
▪️ Пәкістан, Түркия және Египет жаңа келіссөзге арағайын болуға тырысып жатқаны айтылады
▪️ Бейбіт келіссөз жалғасуы мүмкін деген үміт аясында мұнай бағасы төмендеді.
😁11
❤3
🔥1
1.3K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram