avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
14.04.2026 17:34
"Сөз еркіндігі барометрі" Қазақстанда журналистерге қысым күшейгенін көрсетті

"Құқықтық медиаорталық" әзірлеген есепте 2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда журналистер мен БАҚ-қа қатысты сот істері, қылмыстық қудалау, тінту, техниканы тәркілеу және медиа өкілдерін ұстау бойынша ондаған жағдай тіркелгені айтылған.

"Сөз еркіндігі барометрі" есебінде сондай-ақ:
▪️ журналистерді іс-шараларға кіргізбеу
▪️ фото-видео түсіруге шектеу қою
▪️ аймақтардағы қысым мен қоқан-лоқы
▪️ сайттарды бұғаттау
▪️ аккаунттарды жою
▪️ редакцияларға DDoS және кибершабуылдар жайттары келтірлген.

📍️ Құжатта журналистерге мемлекеттік органдардан ақпарат алу да қиын екені: ресми сауалдарға жиі нақты дерексіз формалды жауаптар берілетіні я толымды ақпарат берілмейтіні жазылған.

️️ Авторлар қазіргі құқық қолдану практикасы өзгермесе, елдегі сөз еркіндігі мен тәуелсіз журналистика кеңістігі одан әрі тарыла береді деп ескереді.
😱 14
👍 9
2
🤬 2
1 1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram