️️️ Испания премьерінің әйеліне жемқорлық айыбы тағылды
Испания премьер-министрі Педро Санчестің әйелі Бегония Гомеске бизнес жемқорлығы, мүлікті заңсыз иемдену және таражға салу баптары бойынша айып тағылды.
👨🎓 Тергеу нұсқасы бойынша, ол премьердің жұбайы ретіндегі мәртебесін кәсіпкер Хуан Карлос Баррабеске қолдау көрсетуге және Мадридтегі университетте арнайы кафедра басшылығын алуға пайдаланған.
▪️ Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану деген айып дәлел жетіспегендіктен тоқтатылды
▪️ Қорғаушы тарап пен прокуратура шешімге шағым түсіре алады
▪️ Айып тағу шешімі Санчес әйелімен бірге Қытайға барған шақта қабылданды.
Әділет министрі Феликс Боланьос жоғары сот бұл қаулыны жояды деп үміттенетінін айтты.
2024 жылдың сәуірінде Санчес әйеліне тағылған айыптарды өз отбасын қаралау науқаны деп атап, отставкаға кетуден бас тартқан. Санчестің мәлімдемесінен кейін Испанияда оны қолдау акциялары өткен еді.
👍12
👎3
1.4K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram