avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
14.04.2026 11:18
Мадияр Путин оған қоңырау шалса, соғысты тоқтат деп кеңес беретінін айтты

Венгриядағы парламент сайлауында жеңіске жеткен оппозициялық "Тиса" партиясының лидері Петер Мадияр Ресеймен прагматикалық диалогқа дайын екенін мәлімдеді

Ол Венгрия Ресейден мұнай сатып алуды жалғастыратынын, бірақ мұнай жеткізуді әртараптандыруға басымдық беретінін айтты.

Бұған қоса Мадияр бұрынғы премьер Виктор Орбан Киевке €90 млрд несие бөлуге қойған ветоны алып тастауға дайын екенін аңғартты. Мадияр Украина "басқыншылық құрбаны болған ел, одан жерінен бас тартуды талап етуге болмайды" деді.

Ол өзі бірінші болып Ресей президентіне телефон шалмайтынын, ал егер Мәскеу жағы ынта танытып сөйлесетін болса, Владимир Путинге Украинадағы соғысты тоқтатуға кеңес беретінін мәлімдеді.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Венгрияны "дос пиғылдағы ел емес" санайтындықтан, Путин Мадиярды құттықтамайтынын айтты.

Брюссель мен Киев жаңа үкімет кезінде Будапешт Украинаға қолдау шараларын бұғаттауды қояды деп үміттеніп отыр.
🔥 24
👍 13
😁 5
2
🕊 1
1 1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram