avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
14.04.2026 09:53
Трамп Иран порттарын теңізден құрсау басталғанын мәлімдеді

🇺🇸 АҚШ президенті Дональд Трамп Иран порттарына теңіз қатынасына шектеу енгізілгенін хабарлады. Ол америкалық құрсауға жақындаған кез келген ирандық кеме "дереу жойылады" деп сес көрсетті.

Ақ үйде сөйлеген сөзінде Трамп Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасын келісім болса да, болмаса да тоқтатуға ниетті екенін айтты.

🇮🇷 Иран тарапы АҚШ әрекетін "қарақшылық" деп бағалап, Ормуз маңындағы кез келген әскери әрекетке қатаң жауап беретінін ескертті.

Бұған дейін Пәкістанның арағайындығымен АҚШ пен Иран арасында өткен келіссөзде өзге мәселелерге қоса Тегеранның ядролық бағдарламасы да көтерілген. Алайда Исламабадтағы келіссөз нәтижесіз аяқталған еді.
👍 11
👎 6
5
🤔 3
🖕 2
1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram