Шығыс Қазақстан облысындағы Құмбел шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жүріп, өзін-өзі атып жіберген 18 жастағы қатардағы жауынгер Мұхамедияр Тастанның ісі бойынша
енді офицерге де айып тағылды.
Бұл жөнінде марқұмның отбасының адвокаты хабарлады.
Іс бойынша 2025 жылғы шілдеде кіші сержант Азамат Тақыбаевқа үкім шыққан. Сот оны сарбазға физикалық және моральдық қысым көрсетті деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырған.
Алайда марқұмның ата-анасы баланың өліміне тек бір сержант емес, бөлімше офицерлері де жауапты деп есептеген.
Бас әскери прокуратура офицер «қызметтік міндетін тиісінше орындамағаны» үшін Елжас Тоқсанбаевқа айып тақты. Сот 22 сәуірде өтеді.
Азаттық бұл іс бойынша былтыр егжей-тегжейлі
айтып берген.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram