avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
13.04.2026 17:51
БҰҰ комитеті Қазақстан 2016 жылы жер митингісіне шыққан екі белсендінің құқын бұзған деп тапты

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті Макс Боқай мен Талғат Аян ісі бойынша Қазақстан халықаралық міндеттемелерін бұзған деген шешім шығарды.

Комитет:
▪️ белсенділер заңсыз қамалғанын
▪️ сөз еркіндігі шектелгенін
▪️ азаматтардың бейбіт жиналу құқығы бұзылғанын анықтады
▪️ Боқайдың үйінен 1500 шақырым жерге жіберілуін де құқық бұзу деп таныды

📌 Іс бойынша шағым 2018 жылы берілген
📌 Қорытынды шешім 2026 жылғы 13 наурызда шыққан
📌 Шағымды қарау 7 жылдан астам уақытқа созылды

БҰҰ комитеті Қазақстанға белсенділерге өтемақы төлеуді және мұндай жағдай қайталанбауын қамтамасыз етуді ұсынды.

⏳ Астана БҰҰ Комитетіне бұл шешім бойынша 180 күн ішінде есеп беруге тиіс.
👍 27
13
👏 7
🤔 2
4 1.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram