avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
13.04.2026 16:30
⚡"Атажұрт" белсенділеріне үкім шықты. Айыпталушылардың біразы түрме жазасына кесілді

Жетісу облыстық соты Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің портретін өртеп, наразылық акциясын өткізген "Атажұрт" белсенділеріне және олардың жақтастарына үкім шығарды.

Сот айыпталған 19 адамды кінәлі деп тапты. Үкімге сай, айыпталушылардың біразына бес жылға түрме жазасы, кейбіріне бас бостандығын шектеу жазасы берілді:

Сот үкімімен айыпталушыларға мынандай жаза тағайындалды:

▪Бекзат Мақсұтхан, "Атажұрт" ұйымының жетекшісі – 5 жыл түрме жазас
ы.
▪Нәзигүл Мақсұтхан, Бекзат Мақсұтханның қарындасы әрі "Атажұрт" қозғалысының заңгері – 4 жыл 8 ай шектеу.
▪Гүлдария Шеризат, "Атажұрт" белсендісі – 5 жыл түрме жазасы. Кәмелет жасына толмаған баласы болғандықтан жазасы кейінге шегерілді.
▪Гүлнәр Шаймұрат, "Атажұрт" белсендісі – 5 жыл түрме жазасы. Кәмелет жасына толмаған баласы болғандықтан жазасы кейінге шегерілді.
▪Тұрсынбек Қаби, "Атажұрт" белсендісі – 5 жыл түрме жазасы.
▪Еркінбек Нұрақын, "Атажұрт" белсендісі – 5 жыл түрме жазасы.
▪Ербол Нұрлыбаев, "Атажұрт" белсендісі – 5 жыл түрме жазасы.
▪Марғұлан Нұрданғазы, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жыл түрме жазасы.
▪Қуандық Қосжанов, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жыл түрме жазасы.
▪Ерғали Нұрлыбаев, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жыл түрме жазасы.

▪Бақытжан Шұғыл, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жыл түрме жазасы.
▪Батылбек Байқазы – 5 жыл түрме жазасы.
▪Қанат Тұрдыбай, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жылға бас бостандығын шектелді.
▪Асылхан Қолхаев, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жылға бас бостандығын шектелді.
▪Аян Қалымбек, "Атажұрттың" жақтасы – 5 жыл бас бостандығын шектеу.
▪Бақытнұр Нұрмұқан - 5 жыл бас бостандығын шектеу (қамаудан босатылады).
▪Беделхан Қабыләшім – 4 жыл 8 ай бас бостандығын шектеу.
▪Нұркелді Нұрсапа, "Атажұрттың" жақтасы – 4 жыл 8 ай бас бостандығын шектеу.
▪Ақжігіт Бейсенәлі – 4 жыл 8 ай бас бостандығын шектеу (қамаудан босатылады).

🔹Сотқа түрткі болған оқиға

2025 жылы қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылы маңында «Атажұрт» белсенділері мен олардың жақтастары Қытайға қарсы наразылық акциясына шығады.

Наразылар Қытай туы мен Қытай коммунистік партиясының төрағасы Си Цзиньпиннің суретін өртеп, Шыңжаңда "түзету лагеріне" қамалған қазақтарды босатуды, Қытаймен визасыз режимді жоюды талап еткен еді.

Оқиғадан кейін полиция "Атажұрттың" 20-ға жуық белсендісін ұстап, әуелі әкімшілік жауапқа тартып, кейін "Ұлт аралық араздықты қоздыру" бабы (174-бап) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Құқық қорғаушылар "Атажұрт" белсенділерінің қудалануының артында Қытай тұруы ықтимал деп болжайды. Amnesty International , Human Rights Watch сияқты халықаралық құқық қорғау ұйымдары "Атажұрт" белсенділерін босатуға шақырған.
🤬 46
💩 7
3
11 1.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram