Azattyq - Азаттық @azattyq 13.04.2026 10:24 Скопировать Пожаловаться ⛴ Швеция Балтық теңізінде Ресейден шыққан жүк кемесін ұстады Швеция жағалау күзеті Panama туын іліп алған Hui Yuan балкерін Истад маңында теңізде тоқтатқан. Кеме теңізге көмір қалдықтарын төкті деген күдікке ілінді. Оны жағалау күзетінің ұшағы әуеден түсіріп алған. 📌 Кеме 9 сәуірде Усть-Лугадан шыққан 📌 Бағыты — Испания, Лас-Пальмас 📌 Жетеді деп жоспарланған мерзімі — 21 сәуір Швеция билігі тергеу бастап, экипаждан жауап алмақ. ⚠️ Швеция бұл кемені Ресейдің Батыс санкцияларын айналып өтетін "тасадағы флотымен" байланыстырмайды, кеме мұнай емес, өзгедей жүк тасиды. 👍 31 🔥 6 ❤ 3 1.4K
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram