avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
13.04.2026 09:42
Azattyq - Азаттық Парламентін сайлап жатқан Венгрия Орбан мен Мадияр арасынан кімді таңдайды? Еуроодақтағы экономикасы аса қуатты елдер қатарына жатпайтын, бірақ соған қарамастан, саяси рөлі нақты "салмағынан" әлдеқайда жоғары Венгрия мен өзге еуропалық елдер үшін бұл сайлау несімен маңызды? Билік басында отырғанына 16 жыл болған Виктор Орбанды сын сағатта талай рет құтқарып келген тұрақты "темірқазық" электораты кімдер? Ал қазіргі басты саяси бәсекелесі кім? Сайлау қарсаңындағы венгр қоғамының көңіл күйі қандай? Азаттықтан оқыңыз
🇭🇺 Венгрияда 16 жыл билік басында болған Орбан партиясы оппозициядан жеңілді

12 сәуірде өткен парламент сайлауының алдын ала қорытындысына сәйкес, оппозициялық "Тиса" партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Болжамдар бойынша, Венгрия парламентіндегі 199 орынның 138-ін "Тиса" иеленіп, премьер Виктор Орбанның "Фидес" партиясы — 54 орын,, ал әсіре оңшыл "Біздің Отан" (Mi Hazánk) — 7 орын иеленуі мүмкін.

📌 16 жыл билік басында болып келген Орбан енді партиясы оппозицияға көшетінін мәлімдеді.
📌 "Тиса" конституциялық өзгерістерді кері қайтаруға жеткілікті дауысқа ие болғалы тұр.
📌 Венгриядағы өзгеріс Еуроодақ ішінде Украинаға 90 млрд несие беруге жол ашуы ықтимал.

🗳 Венгрия азаматтарының 74,23% дауыс беруге қатысып, рекорд жаңартты.
👍 48
👏 11
9
👎 1
🔥 1
2 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram